ДИКТОР: Жас әзірлеушілер аймақтың мәселелерін бағдарламалау және жасанды интеллект арқылы шешпекші. Көкшетауда жүзден астам көрермен жиналған стартаптар байқауы өтті. Бұл осымен үшінші рет дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыр. «Aqmola IT Hub» орталығында бейресми жағдайда 7 қатысушы құзыретті қазылар алқасына өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды.

РКС: Орталық алаңында әлеуметтік маңызды және қоғамға пайдалы идеяларға қолдау көрсетіледі. Ұсынылған стартаптар жасанды интеллектті сәулет нысандарын модельдеу және жаңартылатын энергия саласындағы күн қозғалысын бақылау үшін қолдануды ұсынды. Екінші орынды қазылар алқасы бірауыздан «Second Vision» жобасына берді. «Win X» командасының құрамында оны Көкшетау қаласының 11-сынып оқушысы Томирис Төленді таныстырды. Бұл көру қабілеті шектеулі адамдарға арналған ақылды көзілдірік. Жобаны жақын арада іске қосу жоспарланып отыр.

СНХ: ТОМИРИС ТӨЛЕНДІ, СТАРТАП БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ: Жалпы, біздің өнім «TechFlow», «Raspberry Pi» және жасанды интеллект арқылы жұмыс істейді. Оның көмегімен тіпті көру қабілеті мүлдем жоқ адамдар айналасындағы заттар мен кедергілер туралы ақпарат ала алады. Оларға динамикалық сигналдар беріледі. Осының арқасында маршрутты өте қиын жерде де салуға болады. Біздің ойымызша, мұндай құрылғымен көру қабілеті нашар адамдар еркін қозғала алады және әртүрлі жерлерге көмексіз жете алады.

РКС: Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылардан пайдалы кері байланыс пен кеңестер ғана емес, сонымен қатар құнды сыйлықтар да алды. Қазылар алқасының мүшелері өздеріне ерекше ұнаған жобаларды жеке ынталандырды.

СНХ: ДИАН АЙБАШПАНОВ, «ASTANA HUB» АЙМАҚТЫҚ МЕНЕДЖЕРІ: 2023 жылдың басымен және бүгінгі күнімен салыстырсақ, қазір «TechOrda» мемлекеттік бағдарламасы бойынша IT-бағыттардың 5 курсы бар. Қазір онда 60-тан астам IT-маманды оқытыып жатырмыз. 14 жоба «Startup Garage» инкубациялық бағдарламасына қатысты.

РКС: Айта кету керек, «Aqmola IT Hub» орталығы бір жылда өңірде жүзден астам іс-шара өткізді. Оған 2,5 мың адам қатысты. Атап айтқанда, цифрландыру күніне орай үлкен форум өткізу жоспарлануда.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.