ДИКТОР: Ақмола облысында күзгі егін орағы аяқталуға жақын. Бүгінге дейін 4,5 миллион гектар алқап орылды. Орташа шығымдылығы гектарынан 13 центнерден айналуда. Ақмола өңіріне жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров аймақ аграршыларымен кездесіп, жиын өткізді.

РКС: 200-ден астам өңір диқаншысы "Кең Дала-2" бағдарламасы аясында қаржы алып, уақытылы қажетті техника сатып алды. Осылайша, биыл өңір қожалықтары жақсы көрсеткішке қол жеткізуде.

СНХ: АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: Бүгін Ақмола облысында 94 пайыз егін жиналды. Біріншіден, уақытанда қаржыландыру мәселесі шешілді. Бұрын ондай қаржыландыру болған жоқ. 140 миллиардтан аспайтын. Биыл мемлекет басшысының тапсырмасымен 580 млдр.бөлінді. 3 есе көп. Және де бұл таза субсидиясыз 5 пайызға беріліп отыр. Соның арқасында қаржының мәселесі шешілгеннен кейін, сапалы тұқым, тыңайтқыш алуға, техникасын жаңартуға біраз мүмкіндік берілді. Соның арқасында бүгін осындай өнім алып отырмыз. Осылай әрі қарай ендігі жылыда жалғастырамыз. Ендігі жылы 900 млрд-ұа дейін өседі.

РКС: Биыл өңірде 5 млн 400 мың гектар жерге дән себілді. Оның басым бөлігі бидай. Ал жиналған өнім бірден қамбаға құйылуда. Қазір аймақта 65 элеватор тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Күзгі орақ науқанына 9 мың комбайн, 2 мыңнан астам дестелегіш және 5 мың КамАЗ бен автокөлік жұмылдырылды.

СНХ: КЕНЕШ ӘЛІМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Өнімнің сапасына келсек 60 проценті 3-ші классты өнім. Бізде 4-5 -ші классты да бидай бар. Ауа райының қолайлы сәтін пайдалана отырып, уақытылы бәрін жинап алуға тырысып жатырмыз. Ал, бүгіннен бастап азық-түлік келісім-шарт корпорациясы 3-ші классты бидайдың бағасын жариялады. Ол 85 мың теңгеден басталады. Биыл астық өте ылғалды болды. Уақытылы тиісті шараларды атқарғанның арқасында қазір ылғалдылық дәрежесі қалыпқа келтірілді.

РКС: Жиын барысында өңір аграршылары Ауыл шаруашылығы министріне өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Айта кетейік, Үкімет биыл өңір қожалықтарына арзандатылған бағада 80 мың тоннадан астам дизель отынын да бөлген. Орақ науқаны осы аптаның соңында аяқталады деген болжам бар.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ