ДИКТОР: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстандағы жылдың ең маңызды оқиғасы болғаны анық. Астана төрінде өткен мәдени-рухани іс-шараға Көкшетау қаласының бірталай өнерпаздары да барып қайтқан болатын. Аталған іс-шарада Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауын облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова жеткізді. Өнер көрсеткен өнерпаздарды марапаттап, алғыс айтылды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қазақстандық өнерпаздар әлем жұртшылығына көшпенділердің даналығы мен өнерін паш етті. 10 күн бойы 30 мыңнан астам шетелдік қонақтарға қазақ халқының салт-дәстүрлері үздіксіз көрсетілді. Бұл шарадан ақмолалық өнерпаздар да қалыс қалған жоқ. Сәндік-қолданбалы қолөнердің үздік 10 шебері, 700-ден астам өнерпаз бен 500 жас домбырашы қатысты.

СНХ: ҚҰРМЕТХАН ҚҰРАЛХАН, БҰЛАҚСАЙ АУЫЛДЫҚ КЛУБЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ (АРШАЛЫ): Астана қаласында өткен Ү Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысында айтыс өнері де көрсетіліп, сол жерде өнер көрсеттік. Қазақ халқынан бөлек қырғыз көршілес айтыс өнерін түсінетін қырғыз ұлтының көрермендері болды. Өзім жеке Түркістан облысының ақынымен айтыстым. Төл өнердің төресі айтыс дейді ғой.Айтыс өнерінің барысын, ұтымды қалай жауап беру керектігін соны Ақмола облысының оның ішінде Көкшетау қаласының атынан барып тұрғаннан кейін барымызды салып, ел көңілінен шығатындай жақсы бір тамаша айтыс жасап қайттық.

РКС: Ғасырлар арасын жалғап келе жатқан, алтын көпірге айналған мұра жетерлік. Кешегі мен бүгінді, ертең мен болашақты сабақтастырған бұл қазынаның орны қашан да ерекше. Атадан балаға мирас болған мұраны келер ұрпаққа аманаттау – әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.

СНХ: ГҮЛНӘР ОРЫНБАЕВА ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Бесінші көшпенділердің ойындарына қатысқаныма өте ризамын. Біз енді ұмытылып бара жатқан қазақтың текемет басу, қойдың жүнінен заттар, бас киімдер, бешпенттер, жилеткелер басуды балаларға көрсетіп, үйретіп,өзіміздің Ақмола облысынан сол жаққа шақырып, өзімнің бұйымымды, қолымнан келгенін көрсету жақсы ынтымақ пен бірліктің несі ғой текемет басу.Баяғыда әжелеріміз асарлатып, келіндер отқа ет асып, өлең айтып бір үлкен той болған.

РКС: Ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, төл өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, халқымыздың рухани дамуына үлес қосып келе жатқан өнерпаздар Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ,ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ