ДИКТОР: Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жылыту пештері мен электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Өткен маусымда облыста 324 өрт оқиғасы тіркеліп, 16 адам көз жұмған. Сарыарқа шағын ауданында мамандандырылған №2 өрт сөндіру бекетінің аумағында өрт оқиғаларының салдары мен көптеген үйлердің өртіне себеп болған заттар қойылған кеңсе ашылды.
РКС: Тұрғын үйдегі өрттің 60 процентінде пеш пен электр жабдықтарын жылу беру маусымына уақытылы дайындамау салдарынан болады. Облыстық төтенше жағдайлар қызметкерлері кей тұрғындар пештің жанына тез тұтанғыш заттарды қалдыру немесе пешті қатты қыздыру фактілері өртке себеп болатындығын айтады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін еске түсіру үшін Көкшетауда кеңсе ашылды, онда барлық қажетті нұсқаулықтар көрсетілген.
СНХ: ДУМАН ДӘЛЕШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Электр жабдықтарының жабдықтары мен жұмысы туралы көрнекі стендтер бар. Бұл бөлмеде бізде өртке себеп болған заттар бар. Яғни, біз тұрғындарға пеш пен электр жабдықтарын дұрыс басқаруды нақты үйретеміз. Сіздерді өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз.
РКС: Арнайы өткізілген рейд аясында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары облыс орталығындағы тұрғындарға нұсқаулықтар беріп, дабыл қаққыш құралдар орнатты. Үй иелеріне тез арада жоюы тиіс кемшіліктерді көрсетті.
СНХ: АСЫЛ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жыл сайын күзде бізге төтенше жағдайлар қызметкерлері келіп, пешті қалай пайдалану керектігін айтады. Біз бүгін датчик орнаттық, ол көп көмектеседі. Адамдар ұйықтап жатқанда, әдетте түнде түтіндерді сезбейді. Менің балаларым орнатылған датчикқа риза, олар қаншалықты жақсы дейді, енді олар тыныш ұйықтайды.
РКС: Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бұл көмекті халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсетуде.
СНХ: ДУМАН ДӘЛЕШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Біз әкімдіктермен бірлесе отырып, халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне түтін мұржаларын тазалап, көмірқышқыл газын анықтау құрылғыларын орнатудамыз. Өрт қауіпсіздігі айлығының басында біз осындай датчиктердің 400-ге жуығын орнаттық. Жылыту маусымында тағы 1700-ге жуық орнатуды жоспарлап отырмыз.
РКС: Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тілсіз жаудың алдын алу жұмыстарын әлі де жалғастырады. Айта кетейік, өткен жылу беру маусымында құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттен 25 адам аман қалған.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ