ДИКТОР: Алдағы жексенбі, қазанның алтысында атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдум өтеді. Бұл күні қала ішіндегі және оған іргелес жатқан елдімекендерге қатынайтын қоғамдық көліктерде жүру тегін болады. Осылайша, қала әкімшілігі тұрғындардың дауыс беру орындарына келуін қамтамасыз ету үшін қолдау ретінде ұйымдастырып отыр. Көкшетау қаласы мен тұрғындарына қазіргі уақытта 4 тасымалдаушы компания қызмет көрсетеді. Соның бірі «Көкшетау автобус паркі» серіктестігі. Мекеменің жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктері алдағы жексенбіде болатын республикалық референдум күні таңғы 7-ден бастап жолға шығады. Әр бағыттың өзінің жұмыс кестесі бар.

СНХ: ОЛЕГ АГОЕВ, «КӨКШЕТАУ АВТОБУС ПАРКІ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Біздің мекеме қала ішіндегі жолаушылар тасымалы бойынша ең ірі кәсіпорын болып есептеледі. Жалпы тасымалдың 64-65 проценті біздің үлесімізге тиесілі. Қазанның 6-сындағы референдумға қатысты айтсам, бұл күні жолаушылар тасымалын тегін жүзеге асырамыз. Азаматтардың барлық санаты күні бойы қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Толық жұмыс күні бізде. Сенбі, жексенбі демалыс кестесі бойынша жұмыс істейміз. Штаттық режимде кестеге сай жүзеге асырылады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ