ДИКТОР: «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында және орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында ауқымды шара өткізілді. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ағаш отырғызуға байланысты эко-челлендж шарасына жергілікті атқарушы органдар, ауыл тұрғындары, сонымен қатар жастар мен мектеп оқушылары қатысты. Бұл экологиялық акцияға жүзден астам адам өз үлесін қосты.
СНХ: НҰРЖІГІТ ДӘУІТ, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: Бүгін мен «Таза Қазақстан» акциясына қатыстым. Табиғатымыз ерекше екенін атап өткім келеді. Имантау ормандарына бес жүз жылдан асты. 60 жастан асқан қарттарымыз Табиғат-Ананы күтіп-баптауда бізге қашан да үлгі.
РКС: Ұлттық парктің бас директоры Ербол Сағдиев «Таза Қазақстан» акциясы және табиғатқа жауапты болу, тазалық пен тәртіпке ұмтылу қажеттігін атап өтті.
СНХ: ЕРБОЛ САҒДИЕВ, «КӨКШЕТАУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Президент 2 миллиард ағаш отырғызу туралы нақты тапсырма берді. Мұны орындау аса қиындық туғызбайды деп ойлаймын. Екінші мәселе - тазалық. Биыл біздің ауылдардың қаншалықты тазарғанын, табиғаттың қаншалықты өзгергенін көруге болады. Атап айтқанда, көшет отырғызу туралы айтатын болсақ, біз соңғы үш жылда аумақты 23 гектардан 90 гектарға дейін ұлғайттық. Осы жылдар ішінде 1 миллион 200 мың түп көшет отырғызылды. Оның өсіп кету деңгейі де жаман емес. Б.гінгідей акцияларды үнемі өткіземіз. Мұның бәрі біздің ортақ ісіміз. Халық та табиғатты аялауға басқаша көзқараспен қарай бастайды.
РКС: Жастар мен мектеп оқушылары көшет отырғызуға және орманды тазалауға үнемі белсенді қатысады. Орманшылар балаларды тәрбиелеуге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті оятуға зор н үлес қосып жүр.
СНХ: РАИСА ШИРОВА, МЕКТЕП ОРМАНШЫЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Жылдар бойы орманымызды сақтап келеміз. Табиғат ерекше. Бірақ 90 - шы жылдары жағдай біршама нашарлады. Десе де, дереу қолға алып, қоршадық. Жыл сайын 200-ден астам қарағай отырғызамыз. Жыл сайын көктемде және күзде орманды тазалаймыз. Балалар белсенді қатысады. Балалардың бұл біздің байлығымыз екенін, оны сақтау керегін түсінгенін қалаймыз. Мектепте сабақ өткіземіз, орманшылар бізге келеді. Көптеген балалар жазғы уақытта орманшылыққа жұмысқа орналасады. Жергілікті әкімдікке алғысымыз шексіз, әрқашан көмектеседі. Мектеп әкімшілігі де ешқашан бас тартпай, қолдау көрсетіп келеді. Көктем, күз сайын осындай акциялар өткіземіз.
РКС: Ағаш отырғызу акциясы - жақсы бастама. Ол экожүйені жақсартуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы хабардар болуға септігін тигізеді. Мұндай акциялар табиғатты аялауға жәрдемдесіп, адамдарды ортақ мақсатқа біріктіреді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ