ДИКТОР: Қарттар күніне орай Ақкөл ауданыда салық қызметінің өркендеуіне зор үлес қосқан ардагерлер "Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін" төсбелгімен және алғыс хаттармен марапатталды.
РКС: Людмила Павлова - салық қызметінің ардагері. 1997-2005 жылдар аралығында Ақкөл ауданында ведомство басшысы болып жұмыс істеді. Шара барысында еңбек жолы туралы өз естеліктерімен бөлісті.
СНХ: ЛЮДМИЛА ПАВЛОВА, АҚКӨЛ АУДАНЫ БОЙЫНША САЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БІРІНШІ БАСШЫСЫ: Ол кезде қиын да ауыр күндерді бастан кештік. Себебі салық қызметінің негізі қаланып, біз де маман ретінде енді қалыптасып жатқан едік. Ол кезде бәрін өз қолымызбен жазып, есептеп, салық төлеушілермен сенімді қарым-қатынас орнатып жүрдік. Қазір зейнеткермін. Жоғары марапатқа ие болдым, облыстық басшылық, министрлік еңбегімізді бағалап жатқанына қуаныштымын.
РКС: "Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталғандардың бірі - Сара Такисова. 1998 жылы Ақкөл ауданының салық қызметіне жұмысқа орналасты. 2013 жылы еңбек қызметін аяқтап, зейнет демалысына шықты.
СНХ:САРА ТАКИСОВА, АҚКӨЛ АУДАНЫ БОЙЫНША САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ АРДАГЕРІ: Бүгінгі күнге қуаныштымы, мені бүгін бастығымыз міне облыстан келіп жатыр, ардагерлер председателі, міне осы Ақкөл ауданының басшылары құттықтап жатыр, мен соған ризамын, көп рахмет!
РКС: Мемлекеттік кірістер органдарының ардагері Әсем Нұрова да Алғыс хатпен марапатталды. Ведомство басшылығы аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесі жастарға үлгі. Жас мамандар осы саланың негізін қалаған ардагерлерді ұмытпай, оларға құрмет көрсетуі маңызды екенін атап өтті.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.