ДИКТОР: Абай атындағы №3 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында «Ақын-елдің ардағы» атты айтыскер ақын, Жазушылар одағының мүшесі Құдайберлі Мырзабектің 60 жылдығына орай оқушылармен кездесу өтті.

РКС: Құдайберлі Мырзабек 1964 жылы Зеренді ауданына қарасты Ақан ауылында дүниеге келген. Суырып салма ақын талай дүбірлі айтысқа қатысып, жарқ етіп көрінді. Ақын дарынды оқушылармен кездесу барысында басынан кешкен қызықты әңгімелерімен бөлісті. Білім ошағындағы өнерпаз балалар ақынның алдында тырнақалды өз өлеңдерін оқыды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ӘЛАЙДАР ӘБДІРАЙЫМ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ №3 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Бұл біздің дарынды шәкірттеріміз үшін тәрбие жағынан өте рухани сабақ береді. Менде сол айтыскер ақынның жолын қуалаушы айтыскер, ақын оқушымын.Бұндай отырыстар бұндай кештер біздің мектепте жиі болып жатыр. Осы отырыстар біздің оқушылардың зейінін, болашаққа деген қадамдарын нығайтуға үлкен себеп әкеледі.

РКС: Айтыс өнеріне өзіндік сара жол салып келген Құдайберлі Мырзабектің өлеңдерін қазір мектеп оқушылары да жатқа оқиды. Шығармашылық кеште ақын арнау айтып, мектеп ұжымына игі тілегін білдірді.

СНХ: ҚҰДАЙБЕРЛІ МЫРЗАБЕК АҚЫН, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Мен осы мектептің қабырғасында білім алғам, осы мектептің босағасында жүріп осы мектептің қабырға газетінде менің тұңғыш балауса өлеңдерім жарияланған. Бүгінгі кездесуде мен балаларға қарап отырып, өзімнің балалық шағымды еске алғандай болдым. Жалпы бұл кездесу маған ерекше әсер сыйлады. Өйткені менің өзімнің білім ордам әрқашан ол адамға мектебі ыстық болады. Сол бүгін жасалып жатқан құрмет енді менің 60 жасымда мектебім де 60-қа толып жатыр екен биыл. Сол екі құрдастың бір кездесуі болды.

РКС: Айта кетейік, ақын алғашқы өлең шумақтарын дәл осы қара шаңырақтың қабырғасында білім алып жүргенде жаза бастаған. Сол кездегі елімізге танымал жазушы, ақын ағалардың батасын алып, үлкен өмірге қадам басқанын айтты. Ардақты ақынға мектептің 60 жылдық мерейтойына орай өскелең ұрпақтың білім беру ісіне қосқан жеке үлесі және мектепке деген адалдығы үшін «Мерейтойлық медаль» төсбелгісі табысталды.

ИНТЕРШУМ:

САБИНА ЖАМШИТОВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ