ДИКТОР: Атбасар аудандық мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жаңа оқу жылын серпінді бастап кетті. Мұнда спорттың 5 түрінен 880 ұл-қыз тұрақты айналысып, шеберліктерін жетілдіруде.
РКС: Материалдық-техникалық базасы ескі болғанымен, талай талантты спортшылардың тұсауын кескен спорт мектебінің жаттықтырушылары аға буын салып кеткен сара жолды лайықты жалғастырып келеді. Жаңа оқу жылы спорттағы жетістіктермен басталды. Әр спорт секциясында балалар саны артып, жаттығу кестеге сай өтуде.
СНХ: ДӘУРЕН АҚАНОВ, АТБАСАР АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің спорт мектебінің тарихы тереңде жатыр. Кешегі Кеңес кезеңінде жерлесіміз Анатолий Хропатый әлемнің және Еуропаның 5 дүркін жеңімпазы болып, олимпиада чемпионы атанды. Сөйтіп, Атбасар өңірінің ауыр атлетикадан атағын айдай әлемге танытты. Оның жолын пара пауэрлифтингтен Давид Дегтеряв лайықты жалғастырды. Ол 2 дүркін Олимпиада чемпионы болды. Боксшыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Атап айтқанда, Бауыржан Мұратов жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Қыздар арасында Дария Завгородная өз салмағы дәрежесінде Азия чемпионатының 3-ші жүлдегері болды. Ауыр атлеттеріміздің де жетістіктері көңіл қуантады.
STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ:
СНХ: СЕРГЕЙ РАЙЛЯНОВ, АУЫР АТЛЕТИКА БАПКЕРІ: Біз алдыңғы буын бапкерлердің жолын жалғастырып келе жатырмыз. Ауданның ауыр атлеттері облыстық, республикалық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Қазіргі таңда жоғарғы топтың спортшылары оқу-жаттығу жиынында. Олар республикалық чемпионатқа дайындалуда. Бүгін осы залда ауыр атлетиканың қыр-сырын жаңа ғана меңеріп жүрген жасөспірімдер дайындалып жатыр.
СНХ: АРТЕМ СОРОКИН, АУЫР АТЛЕТ: Мен спорттың осынау қиын да қызық түрін өзім таңдадым. Бапкердің айтқан ақыл—кеңесі болашақта меніңде чемпион болуыма ықпалын тигізеді. Жалықпай жаттығып үздік нәтижеге қол жеткіземін.
РКС: Біз болған күні Атбасар аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ауыр атлеттер, боксшылар, грек-рим күресінің балуандары жалықпай жаттығып жатты. Олардың басты мақсаты - спорттық шеберлікті жетілдіріп, түрлі жарыстарда жеңіске жету.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ