ДИКТОР: Айтыскер ақын Құдайберлі Мырзабектің 60 жылдық мерейтойына арналған «Тасқын бар менде тау жарған» атты облыстық оқушылар айтысы ұйымдастырылды. Жас дарындардың өнерін көрерменмен бірге тамашалап қайтқан Евгений Варанкиннің материалына назар аударыңыздар.

РКС: Құдайберлі Мырзабек - Ұлы отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық ақыны, Қазақстанның ақын және жыршылар қоғамының президентінің шәкірті. Жастайынан халық ақынының соңынан еріп, талай дүбірлі айтыста оза шыққан. Құдайберлі Мырзабек биыл өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтуде. Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, 80-шы жылдардан бері көптеген облыстық, республикалық айтыстардың жүлдегері. Мерейтой иесінің құрметіне арналған іс-шарада жас дарындылар айтыс өнеріндегі алғашқы қадамдарын паш етті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Оқушылар арасындағы айтысқа Ақмола облысының өнерпаздарынан бөлек көршілес Солтүстік Қазақстаннан, Астана қаласынан да жас айтыскерлер келді. Қатысушылардың өнері, айтыстың ғажайып шеберлігі көпшілікті тәнті еткенін ата кету керек.

СНХ: АБЫЛАЙ ҚАЙРАТҰЛЫ, АЙТЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (АСТАНА ҚАЛАСЫ): Айтысқа 2 жыл болды қатысып жүргеніме. Осы Құдайберлі Мырзабек ағамыздың 60 жылдығына келіп отырмын. Өзі Көкен Шәкеевтің шәкірті, Көкен Шәкеевтің 100 жылдығы болып жатыр. Және де Құдайберлі Мырзабек ағамыздың айтыстың ақтаңгері, осындай ағаларымызды құрметтеп, осындай іс-шаралар көп болып тұра берсін деп тілек білдіріп отырмын. Айтысты әрқашан да дамытып жүре берейік.

СНХ: САМАЛ КАБДУШЕВА, «BOLASHAQ SARAIY» МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: 8 қатысушы өтінім беріп, айтысқа дайындық үстінде. Құдайберлі Мырзабек ағамыз әдебиет пен өнерді танушы тұлға. Мұражайларда өзінің еңбегінің ізін қалдырған, бірнеше туындылардың авторы. Өскелең ұрпаққа қазақ өнерін, айтыс өнерін насихаттау негізінде «Болашақ сарайы» айтыс додасын ұйымдастырып отыр.

РКС: Айтысқа қатысу жастарға өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, поэзия мен музыка арқылы өзін-өзі көрсетудің өзіндік формаларын табуға мүмкіндік береді. Осылайша, айтыс жастардың дамитын және қоғамда өз орнын таба алатын мәдени және әлеуметтік ортаны қалыптастырудың маңызды құралы болып қала бермек.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.