ДИКТОР: Целиноград ауданына қарасты Қабанбай батыр ауылының 1300-ден астам оқушысы 2 ауысымда оқуға мәжбүр. Өйткені, жарты ғасырдан астам тарихы бар қос мектеп 1 мыңнан астам білім алушыны бір ауысымда қабылдауға қауқарсыз. Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Марат Ахметжанов мектептің жай-күйімен танысты.
РКС: Қабанбай батыр ауылының оқушылары жуық арада жаңа мектепте 1 ауысымда оқымақ. Бұл елдімекенде де "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында білім ордасы бой көтеруде. Ол Республика күні қарсаңында қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. Бүгінде білім ошағы 92 процентке дайын.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Қызылжар ауылында 1 мыңнан астам адам тұрады. "Туған жерге туың тік" деген халық даналығы бар. Бүгінде ол ағайынды Сүлейменовтер отбасының ұранына айналды. Олар жергілікті халықтың тұрмысын жақсарту үшін жыл сайын инвестиция құйып, ауылды көркейтуде. Мәселен, былтыр балаларға арналған "Өнер" білім-шығармашылық орталығын салып берді. Бұл мекемеде 180 балғын 8 түрлі үйірмеге қатысады. Сонымен қатар, ерекше балаларға арналған оңалту орталығы да бар.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Сонымен қатар, ағайындылар елдімекен ішіне сауда үйін де салып берген. Мұнда жергілікті халық үшін азық-түлік нарықтық бағадан төмен.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Сондай-ақ, елдімекенде құны 650 млн.теңгеге бағаланған фитнес орталығы да бой көтеруде. Кешен 2 қабатты. Ғимараттың жалпы аумағы 3 мың шаршы метрден астам. Бүгінде орталық 80 процетке дайын. Бұл кешен адамдардың салауатты өмір салтын ұстануға үлген сеп болмақ. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары үшін медициналық орталық та қолданысқа берілді. Денсаулық мекемесі озық технологиялармен жабдықталған. Бұл халықтың медициналық көмекті уақытылы алуына тапсырмас мүмкіндік. Өйткені, бұған дейін жергілікті тұрғындар Ақмол ауылына немесе Елордаға қатынап емделуге мәжбүр еді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Қос кәсіпкер тек халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, оларды тұрақты жұмыспен де қамтып отыр. Алдағы уақытта, ағайындылар елдімекенде техникалық колледж ашуды жоспарлап отыр. Онда сантехник, электрик сынды мамандарды оқытпақ. Қазір оны салу үшін жер телімін алған. Сондай-ақ, ағайынды Сүлейменовтер ауылды көркейту үшін, әлі де бірқатар жоспарларды жүзеге асырмақ.
СНХ: АҚЫЛБЕК СҮЛЕЙМЕНОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Болашақта мақсатымызда кіреберісте автозаправочный станция салу. Мына жерде пекарня салып жатырмыз. С цехом приготовление полуфабрикатов. Мына жағалау бойынша жерлерді сатып алып, ол жерге зона отдыха салу. Гостиничный комплекс в национальным стиле планируем построить. Оның қасына мало семейный общяға салғымыз келеді. Ол зона отдыха да жұмыс істейтін жұмысшыларға арналады. Содан кейін, мына жерде өзіміздің ашық алаңымыз бар. Ол жерге садик 150 орындық и дом культура с кинотеатром. И ортасына сквер для ветераны войны салуды ойлап жүрміз. Армандап жүрген осы ауылда фабрика салу по изготовлению лекарственных препаратов.
РКС: Ауылдың жай-күйімен танысқан аймақ басшысы Марат Ахметжанов болашақта елдімекенге бөлек мәртебе беруді көздеп отыр.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Бұл - бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Баршаға үлгі.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ