ДИКТОР: Көкшетауда "Әлеуметтік театр" бағыты бойынша актерлік тренинг пен қатар білім алушы жастарға арналған байқау өтті. Бағдарламада республикалық деңгейдегі сарапшы Елизавета Высочина-Флах театр мен кино мектептерінің еуропалық және ресейлік техникасын қолданды.

РКС: Сапардың алғашқы күні Алматы қаласының пластикалық және драмалық театрының режиссері Елизавета Высочина-Флах қатысушыларға ішкі театр жұмысын көрсете отырып, актерлік шеберліктің негіздері туралы баяндады. Спикер өзімен бірге Көкшетау қаласына екі спектакль алып келді. Оның пікірінше, тәжірибе алмасу мақсатында бүкіл ел бойынша театрлардың тәуелсіз форматын дамыту қажет.

СНХ: ЕЛИЗАВЕТА ВЫСОЧИНА-ФЛАХ, ПЛАСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДРАМАЛЫҚ ТЕАТР РЕЖИССЕРІ (АЛМАТЫ): Мен классикалық театрдан тыс балаларға білім мен құралдар бере отырып, олардың ой-өрісін сәл кеңейтуді қалаймын. Сондықтан мен классикалық театрда қолданылатын актерлік техникамен ғана емес, сонымен қатар импровизация, қиял, шоғырлану, зейін, есте сақтау деңгейлерімен де айналысамын. Енді біз келесі қадамға өтеміз деп ойлаймын. Мен пантомима, театр туралы түсінік беремін. Біз театрда көрермен болатын болашақ ұрпақтың түсініктерін кеңейтеміз. Күні ертең болашақ актерлер бұл мәдениетті көпшілікке жеткізуі мүмкін.

РКС: Мейірбек Әділет бала кезінен театрға тәнті болған. Актерлердің басқа рольдерді өздеріне қалай қолданатынын көрді. Қазір ол колледж жанындағы театр үйірмесіне барады. Мейірбектің болашақ мамандығы өрт сөндіруші.

СНХ: МЕЙІРБЕК ӘДІЛЕТ, ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСУШЫ: Осымен театр үйірмесіне қатысамын. Ол театр үйірмесіне қатысып жүргенімен осы жерге шақырып жатыр тренингке. Сол енді осы тренингқа келдім. Өте бәрі қатты ұнады. Осы тренерде жақсы. Неміс театрына қатысыпты, көрініп тұр өте жақсы үйрететіні. Маған өзіме шын ұнады. Тағы келсем, тағы үйренсем деген ойда жүрмін.

РКС:Келесі күні қала мектептерінің оқушылары арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің, лудоманияның, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша "Әлеуметтік форум-театрлар байқауы" өтті. Байқау соңында қатысушылар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ