ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында техникалық және кәсіптік білім берудің маңыздылығын атап өтті. Келер жылды Президент жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осы уақыт аралығында экономиканың өсімі мен оның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыруды тапсырды. Степногорск қаласының құрылған күнінен бастап ондағы колледждер экономиканың негізгі салаларына мамандар даярлауды қамтамасыз ете отырып, шаһардың білім беру жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды.
РКС: Степногорск тау-кен-техникалық колледжі горнотехнический колледж готовит специалистов маркшейдерлерді, жылумен қамту қызметінің энергетиктерін, электриктерді, кеншілерді даярлайды. Заманауи оқыту бағдарламаларының және өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастықтың арқасында колледж түлектері дамудың қозғаушы күшіне айналуда.
СНХ: ЕЛЕНА ТАРАСОВА, СТЕПНОГОРСК ТАУ-КЕН-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Тау-кен-техникалық колледжі 20-дан астам кәсіпорынмен ынтымақтастықта. 5 меморандумға қол қойылды. Қамқорлық туралы екі ірі кәсіпорынмен келісім-шарт жасалған. Өңірдегі негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындар біздің стратегиялық әріптестеріміз.
РКС: Степногорск қаласындағы жоғары колледж жолдар мен аэродром құрылысы, автокөліктерді жөндеу мен пайдалануға беру, техникалық қызмет көрсету, машина құрылысы технологиясы, тамақтандыруды ұйымдастыру, әлеуметтік-мәдени қызмет, интерьер дизайны саласына мамандар даярлайды. 2021 жылы колледж облыстық байқауда «Үздік техникалық және кәсіптік білім ұйымы» марапатына ие болды.
СНХ: ОЛЬГА ХУСНУЛЛИНА, СТЕПНОГОРСК ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ: Оқу орының құрылғанына жарты ғасыр. Қаладағы барлық кәсіпорынмен тығыз қарым-қатынастамыз. 1 курс студенттері колледж қабырғасында тәжірибеден өтеді. Мамандықтың негіздерін үйренеді. Одан әрі кәсіпорындарда білімдерін тәжірибе жүзінде ұштастырады.
РКС: Айта кету керек, көптеген түлек одан әрі жоғары оқу орнын тәмамдаған соң өзі оқыған колледжіне келіп, алған білімдерін жаңа студенттерге үйретеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай келер жылы 9-шы сыныптан кейін түскен жастар сұранысқа ие мамандықтарда тегін білім алады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ