ДИКТОР: Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның элиталық клубына жол ашпақ. Тек 30-дан астам ел энергия алу үшін бейбіт атомды пайдаланады. Заманауи ядролық реакторлар табиғи құбылыстар мен техногендік әсерінен қорғауды қоса отырып беріктілік қорымен жобаланған. Республикалық халықтық штабының мүшелері Қазақстанда атом электр станциясын салу жөнінде Бурабай ауданына келіп, тұрғындармен кездесті.

РКС: Қазақстан энергияны сатып алу және оны пайдаланудың біркелкі емес кестесін реттеу үшін жыл сайын 60 млрд. теңгедей жұмсайды. Импортталатын электр энергиясы еліміздің ішінде өндірілгеннен үш есе қымбат. Бұдан бөлек, көмір Қазақстанның энергия балансының құрылымында 70 проценттен асады. Климаттың өзгеруімен күрес жағдайында мейлінше экологиялық таза өндіріске көшу қажет. «Балдәурен» медициналық кешенінің басшысы басқа елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, атом электр станциясын салу Қазақстанға да қажет екенін атап өтті.

СНХ: ТӘЖІНҰР ӨТЕПОВ, «БАЛДӘУРЕН» МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Менің өз ойым – Қазақстанда АЭС керек. Ол біздің табиғатқа ең таза өнім, біріншіден. Көп жылдық электр энергиясін бізге қамтып береді, бізге халық штабтың бірнеше мүшесі келіп, бізге осы атом электр станциясы құрылуының себептерін түсіндіріп жатыр. Мен оны ол жақтан ғана емес, өзіме басқа деректерден де көріп жатырмын.

РКС: Атом энергетикасын қолданатын 32 мемлекеттің сұранысы әлемдік ішкі жалпы өнімнің ¾ бөлігін құрайды. Атом электр станцияларының экономикалық және экологиялық көрсеткіштері бірегей үйлеседі. Республикалық халықтық штабы өкілдерінің дәл осы тұжырымымен Щучинск қаласындағы орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің қызметкерлері де келісіп отыр. Энергияның сенімді әрі болашаққа болжамды көзі жаһандық бәсекелестік жағдайында Қазақстанның өзгелерден қалып қоймауына мүмкіндік бермек.

СНХ: ҒАЛЫМ БАЙТҰҚ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Референдумды өткізу туралы бастаманы Президент тарапынан енгізудің басты мақсатының бірі халқымыздың даму тұрғысына қаншалықты дайын екенін анықтау. Қазақстанның энергияға тәуелділігінен шыға аламыз ба? Немесе бұрынғыша қаламыз ба? Деген сауалдар мазалайды. Мұндай ойдан арылуымыз керек. Сондықтан дамудың даңғыл жолын таңдау қажет. Референдумға келіп, атом электр станциясын салу елдің дамуына оң ықпал ететінін түсініп, өз дауысымызды беруіміз керек.

РКС: Атом электр станциясын салу туралы шешімді қабылдау Қазақстан халқының амандығы мен тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, тұрғындардың қалтқысыз назары мен халықаралық бақылау сенімділік пен қауіпсіздіктің кепіліне айналмақ.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ