ДИКТОР: Көкшетауда "Көкшетау аруы-2024" байқауы өтті. 6 қатысушы өз өнерін көрермендерге және білікті қазылар алқасына таныстырды. Жобаның қонақтары Сергей Цырульников пен Ринат Моцаров бағдарламаны тіптен жандандырды.
РКС: "Көкше Аруы" байқауының өңірлік директорының пікірінше, биыл жоба бұрынғы жылдармен салыстырғанда тіпті ауқымды болды. Бағдарламаға арулар салауатты өмір салтын қалай қолдайтыны, қайырымдылық туралы бейнероликтер әзірлепті. Сұлулар өз шеберліктерін жан-жақты көрсетті. Қарт адамдарға дәмді тағамдар дайындады, ұлттық киімдерде дефиле көрсетті, өздері туралы айтты.
СНХ:. НАИЛЯ СЕЙДАЛИНА, «КӨКШЕ АРУЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ДИРЕКТОРЫ: Біз қарттар үйіне акциямен аясында бардық. Сондай-ақ өте әсерлі видео түсірілді. Қыздар пирогтар пісірді, мен үй кондитерлік өнімдерімен дайындап әкелуге тапсырма бердім. Адамдар асханада тамақтанатындықтан, олардың тамақтары үнемі бірыңғай болады ғой.. Үлкен жастағылар бала сияқты, үйдің дәмін,тәттісін сағынып отырады. Міне, біз осы сәттерді ескеруге тырыстық. Содан кейін Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Наталья Васильевна олармен бағдарлама өткізді. Ол қарттармен бірге ән айтып, би биледі.
СНХ: ДИДАР ХАМЗИН, «ВОЛОТЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" ОБЛЫСТЫҚ ФРОНТ-КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Биыл «Мисс-Көкшетау»-дың ең басты-қайырымдылыққа арналып жатыр. Сол себепті біз, кастинг өткенннен соң қыздармен бірге іріктеліп, барлығымыз бірге әртүрлі қарттар үйіне және де жалғызбасты қарттарға көмектескен болатынбыз, азық-түлік себеттерін тасыған болатынбыз. Алдағы уақытта да дәл осылай қатысушылар бізде волонтерлікке арналған, қайырымдылыққа арналған жұмысын жалғастырады деген ойдамыз.
РКС: Байқауға 30-дан астам ару өтінім берген, кастингтен кейін 12 үміткер қалды. Алайда, маңызды бағдарламаның арқасында тек 6 қыз соңына дейін сүрінбей өтті. Ай бойы қызу дайындық жүрді.
СНХ: БАҚЖАН СТАМҚҰЛОВА, ВИЦЕ-МИСС: Конкурс өте қызықты өтіп жатыр. Конкурсқа қатысу бізге оңайға түскен жоқ. Өйткені, қаншама қыздың арасынан, қаншама үміткердің арасынан таңдалып алынған қыздардың арасынан үлкен шоуды көрсетіп жатырмыз. Бұл да өте жеңіл жұмыс деп айта алмаймын. Барлық қызға сәттілік тілеймін! Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет!
РСК: Ару Боранбай байқау жеңімпазы деп танылды. "Көкшетау аруы "дәстүр бойынша "Қазақстан аруы" ұлттық деңгейінде Ақмола облысының намысын қорғамақ.
Узнать больше
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ