ДИКТОР: Жыл басынан бері облыс аумағында 158 кәсіпорын мен ұйымдарға тексеру жүргізу барысында 187 бұзушылық анықталған. Еңбек заңнамасын қатаң бұзғаны үшін 53 лауазымды және заңды тұлғаларға 11 млн теңге шамасында әкімшілік ықпал ету шарасы мен 11 ескерту шығарылған.

РКС: Облыс аумағында қызметкерлердің еңбек құқықтары бұзылуының алдын алу және болдырмау, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек жағдайын жақсарту, жалақыны төлеу мәселелері өзекті. Жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардың 1300-ге жуық арызы қаралды. Айта кету керек, оның тең жартысы жалақыға қатысты шағым.

СНХ:АМАНГЕЛДІ СМАЙЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИСПЕКЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың 30 кәсіпорнында жалақы берешегін анықтады. 151 қызметкерге 172,2 млн теңге көлемінде қарыз қордаланған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалақы бойынша анықталған берешектің 134,9 млн теңгесі жұмысшыларға ішінара төленді. Ал кәсіпорын басшыларына 30 ұйғарым беріліп, 6,1 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

РКС: Сондай-ақ брифинг барысында еңбек қауіпсіздігі мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың себеп-салдары туралы да айтылды. Жыл басынан бері облыста өндірістік 38 жазатайым оқиға тіркеліп, салдарынан 40 адам зардап шеккен. Ең өкініштісі салдарынан 9 адам көз жұмды.

СНХ:АМАНГЕЛДІ СМАЙЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИСПЕКЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Барлық жазатайым оқиғалар бойынша арнайы тергеу жүргізіліп, өндірістегі жазатайым оқиғаларға қатысты актілер жасалды. Жұмыс беруші мен жұмысшылар тарапынан кеткен қателіктер айқындалды. Жазатайым оқиғалардың себептері – зардап шегушінің жұмыс барысындағы өрескел абайсыздығы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін бұзуы.

РКС: Облыс кәсіпорындарында еңбек жағдайын жақсарту және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттануды болдырмау мақсатында түрлі шаралар атқарылып жатыр. Қазір облыс кәсіпорындарында 900-ден астам өндірістік кеңес құрылып, онда еңбекті қорғау жөніндегі 1 мыңнан астам техникалық инспектор жұмыс істейді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ