ДИКТОР: Ақмола облысындағы өндірістік шаһар Степногорск қаласының 60 жылдық мерейтойы атап өтілді. Сенбінің ертесімен қаланың орталық алаңында түрлі мәдени-спортық шаралар ұйымдастырылды. Мерейтойлық мерекені тамашалауға қала тұрғындарынан бөлек, сырттан да қонақтар көптеп келіпті.

РКС: Әсем шаһардың іргетасы 1963 жылы қаланған. Қалада химия, машина жасау, микробиология, тамақ, құрылыс материалдары кәсіпорындарымен қоса энергетика саласы да жақсы дамыған. Әлеуметтік-мәдени мекемелер қарқынды жұмыс істеп тұр.

СНХ: АЛТЫНАЙ ӘМІРЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Марат Мұратұлының атынан осы әдемі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Ақмола облысында әлеуметтік-экономикалық даму барысында Степногорск қаласының орны ерекше оны тағы да айтқым келеді. 60 жыл бұрын біздің қала құрылып, дамудың алғашқы қадамдарын басқан.

РКС: Салтанатты шара барысында қаланың дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосқандар «Степногорск қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісімен марапатталды. Оның ішінде шаруа қожалығының басшысы Жанбай Омаров та бар.

СНХ: ЖАНБАЙ ОМАРОВ, «СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРІ: Барлық қала тұрғындарын тоймен құттықтағым келеді. Осы біздің болып жатқан той құтты болсын барлығымызға. Маған осы бүгін берген Алғыс хатқа көптен көп рахмет. Екіншіден, осы қаланың тұрғындарына рахмет айтқым келеді. Менің жасап еңбегімді бағалап, осы жақсы баға бергеніне. Осы қаланың барлық тұрғындарына жақсылық тілеймін, қаламыз гүлдене берсін. Одан да үлкен дәрежелерге, жетістіктерге жетуге жазсын.

РКС: Қаланың тазалығы мен тыныштығы, әсем табиғаты шаһарға келген әр қонақтың есінде көпке дейін сақталары сөзсіз. Бұл ең алдымен қала тұрғындарының туған жерге деген қамқорлығы мен еселі еңбегінің нәтижесі.

СНХ: ЕРКЕЖАН БАХЫТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 3-4 жыл болды тұрып келе жатқаныма. Степногорск қаласының 60 жылдығы құтты болсын. Осы біздің Степногорск қаласы маған өзінің тазалығымен ұнайды, әдемі, тиянақты, құтты қала, былайша айтқан кезде. Қаланың өзінің тұрғындары да өте бір-бірімен мейірман, әрқашан бір-біріне көмектеседі. Осындай керемет той өтіп жатыр.

РКС: Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық мәдени «Этноауыл» көрмесі ұйымдастырылды. Онда ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында шеберлердің түрлі әшекей бұйымдары қойылған.

СНХ: ЮЛИЯ ЗЕЙБ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біздің Степногорск қаласында мереке. Қаламызға 60 жыл толып отыр. Қолөнершілер қауымдастығы көрме мен қала күнінің құрметіне Этноауыл ұйымдастырды. Мен қолдан жасалған зергерлік бұйымдармен айналысамын. Осындай керемет мереке өтіп жатыр. Концерттік бағдарлама өте қызықты өтуде, ауа райы да жақсы, бір сөзбен бәрі керемет.

РКС: Қала тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сондай-ақ еліміздің эстрада жұлдыздары қаланың 60-жылдық мерейтойына ән арнап, мерекемен құттықтады. Концерттік бағдарлама от шашумен аяқталды.

ИНТЕРШУМ:

САБИНА ЖАМШИТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ