ДИКТОР: Жігітке жеті өнер де аз. Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный Яр ауылында «Жігіт сұлтаны» аймақтық байқауы басталды. Ауқымды шара Біржан салдың 190, Балуан Шолақтың 160 жылдығына, Рақымжан Қошқарбаев пен Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына арналған.

РКС: Ұлы дала серілерінің бойындағы қасиеттерді паш ететін «Жігіт сұлтаны» байқауы екі кезеңнен тұрады. Бүгінгі 1-ші кезеңде жігіттер өнер сайысы бойынша бақ сынасты. Шетінен өнерпаз жігіттер Балуан Шолақ пен Біржан салдың шығармаларын орындаудан сайысты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Одан соң қатысушылар өздерін таныстырып, қолөнер сайысында бақ сынасты. Жалпы жігіттердің осалы жоқ.

СНХ: ҚҰДАЙБЕРЛІ МЫРЗАБЕК, БАЙҚАУДЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

РКС: Байқаудың көздегені жастар арасында ұлттық тәрбие құндылықтарын насихаттау, өскелең ұрпақтың ұлтжандылық сезімін ұштау, ұлттық рухты сіңіру. Сайысқа Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан және Қосшы, Көкшетау қалаларынан келген 13 жігіт қатысты. Аталған жарысқа Ақкөл ауданының намысын Құрметбек Нұрберген қорғауға келіпті. Ол жеке кәсіпкер, зергерлік бұйымдардың шебері.

СНХ: ҚҰРМЕТБЕК НҰРБЕРГЕН, БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫСЫ: Былтырғы жылдары осы аудандық жігіт сұлтаны сайысында 1-ші орын алып, облыстық жігіт сұлтаны сайысына шақырту алып, келіп тұрмын. Осы сайыстан, әрине енді жүлделі орын күтеміз. Бүгін иә, өнер сайысы. Мен негізі осы акцент өнер жағынан болды. Спорттық сайысқа аса қатты дайын емеспін. Алтыннан, күмістен бұйымдар жасаймыз, сырға, сақина, білезік деген сияқты. Сырға жасаймын қазір Материалдарын алып келдім өзіммен бірге, енді қазір осы сахнада кесіп көрсететін боламын.

РКС: Кіл мықтыдан, кім мықты ертеңгі спорт сайысынан кейін белгілі болады. Соның қорытындысы бойынша жігіттің сұлтаны анықталады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ