ДИКТОР: Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өткен 8 айда атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарды. Арнайы өткен брифингта инвестициялаудың негізгі бағыттары агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп және туризм салалары туралы айтылды.

РКС: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің өнеркәсіптік әлеуетін толыққанды ашу үшін жүйелі күш-жігер жұмсауды тапсырды. Ақмола облысы Қазақстанның индустриалды-аграрлық аймағы. Қазіргі уақытта облысты жалпы өңірлік өнім көлемінің үштен бірін құрайтын өнеркәсіп облыс экономикасына үлкен үлес қосуда.

СНХ: ЖАСҰЛАН ӘБДІРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2024 жылдың өткен 8 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп саласында өндірістің көлемі 1,2 трлн.теңге, нақты көлемінің индексі 99,1% құрды. Ал, Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 960,8 млрд. теңге. Облыстың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлес салмағы 77,2% құрайды.

РКС: Өңірдің өңдеу өнеркәсібінің 90-ға жуық процентін құрайтын негізгі салалар- металлургия ,машина жасау және тамақ өнімдерін өндіру. Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлік танымал бола бастады. Бүгінде өңірде 28 кәсіпкер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енді. Кәсіпкерлердің осы санаты үшін қолдау шаралары көзделген. Қазіргі кезде облыс әкімшілігі өңірдегі бизнес-ахуалды одан әрі жақсарту үшін барлық шараларды атқаруда. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмыс әлі де жалғасын табады.

САБИНА ЖАМШИТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ