ДИКТОР: Ақмола өңірінде күзгі орақ науқаны жалғасуда. Сандықтау ауданына қарасты Новоромановка ауылындағы «Сандықтау-Агро» серіктестігі 9 мыңнан гектардан астам алқапқа дән сіңірген. Бүгінде оның 35 проценті жиналды.

РКС: «Сандықтау-Агро» серіктестігі 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Биыл диқандар 4 мыңнан гектардан астам алқапқа бұршақ және майлы дақылдар еккен. Осылайша, шаруашылықтың 50 проценттен астамы дәнді дақылдарға тиесілі.

СНХ: ДЕНИС ТАМБОВЦЕВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бізде бірде-бір фунгицидтік немесе инсектицидтік емдеу болған жоқ. Рапс тұқымын себу мерзімін 15 маусымға дейін ұзартуға болатынын көрсеткіміз келді. Көптеген диқаншылар бұған сенбейді. Оның үстіне биыл жауын-шашын көп болды. Десе де, біз эксперимент жасап көрдік.

РКС: Биыл серіктестік 10 комбайн мен басқа да қажетті техника сатып алған. Ал, танап басында 50 адам еңбек етуде. Оның ішінде Виталий Попов та бар. Биыл серіктестікте жұмыс істеп жүргеніне - 10 жыл.

СНХ: ВИТАЛИЙ ПОПОВ, МЕХАНИЗАТОР: Биыл бізге жаңа CASE комбайнын берді. Біздің басшылық та, ұжым да жақсы. Егінді ысырапсыз, қысқа мерзімде жинауға тырысамыз.

РКС: Серіктестіктің жеке астық қоймасы бар. Сондықтан, диқаншылар жиналған егінді осында сақтайды. Егіншіліктің инновациялық әдістерінің арқасында «Сандықтау-Агро» жыл сайын жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ