ДИКТОР: Зеренді балық шаруашылығы өзен-көлдерге балық жіберу акциясын ұйымдастырды. Есіл өзеніне шабақтар жіберілді. Айта кетейік, балық ресурстарын сақтап қалу және жаңғырту мақсатында тұқының 250 мыңнан астам биылғы төлі дайындалды.

РКС: Күз мезгілі тоғандарға балық жіберуге ең қолайлы кезең. Мамандар осылай дейді. Балық ресурстарын сақтап қалу және жаңғырту мақсатында балық шаруашылығы комитеті конкурс жариялаған еді. Оның қорытындысы бойынша Зеренді балық шаруашылығы кәсіпорны жеңімпаз деп танылды. Аталған кәсіпорын аймақты ғана емес, сонымен қатар еліміздің солтүстік және орталық өңірлерін де шабақтармен қамтамасыз етіп отыр.

СНХ: ВАЛЕРИЙ ПОНОМАРЕНКО, ЗЕРЕНДІ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазан-қараша айларында сиг балығының уылдырығын дайындауды бастаймыз. Одан соң ол сәуір айында дейін инкубациядан өтеді. Сәуір-мамыр айларында өңірдің табиғатты пайдаланушыларына өзегін шығарамыз. Одан соң тұқыны инкубациялаймыз. Кейбіреулері оның құртын сатып алады. Негізінен біз өзіміздің тоғандарымызға жібереміз. 240 гектардай тоған шаруашылығы бар. Тұқының биылғы төлін де өміреміз. Қазіргі уақытта оны тоғандарға жіберіп жатырмыз.

РКС: Бұдан соң ол есептеліп, өлшенеді. Оны арнайы комиссия бақылап тұрады. Аталған өнім барлық талапқа сай,-дейді мамандар.

СНХ: НЫҒМЕТ ҚАУАШЕВ, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕСІЛ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Техникалық сипаттамасына орай масса 12 грамнан кем болмауы тиіс. Өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл жерде салмақ 14 грамм. Шабақтың бұл түрі Есіл өзеніндегі ихтиофаунаның түрлерін өзгерту үшін таңдалды. Оның өміршеңдігі ғылыми түрде дәлелденген.

РКС: Мемлекеттік тапсырысқа орай Зеренді балық шаруашылығы кәсіпорны тұқының 250 мыңнан астам биылғы төлін жеткізбек. Арнайы машиналар оттегі баллондарымен және компрессорлармен жабдықталған. Шабақтарды көлікпен барлық талаптарды сақтай отырып жеткізу маңызды. Автоцистерналар Елордаға аттанды. Есіл өзеніне балық жіберіледі.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ