ДИКТОР: Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Ақмола облысының 4 спортшысы күш сынасып, оның 3-еуі жүлдемен оралды.

РКС: Көшпенділер бағзы заманнан ат үстінде жүріп, өздерінің күш жігерлерін сарқа пайдаланып, мықты екендіктерін дәлелдеді. Соның айқын айғағындай Астана төрінде өткен байрақты бәсекеде Қазақстан спортшылары 114 медаль жеңіп алды.

СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ:

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ДАРХАН ҚАСЫМОВ, КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Көшпенділер ойындарына Ақмола облысынан қатысқан 4 спортшымыз жақсы өнер көрсетті. Олар құсбегілік, күрес және бес асық атудан сайысқа түсті. Біз жаңа ғана жерлесіміз балуан қыз Толғанай Әбеуованың өзбек балуанын ұтқанын көріп, қуанышқа кенелдік.

РКС: Степногорск қаласындағы Бөгенбай батыр атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған интернат-колледждің түлегі Толғанай Әбеуова көшпенділер ойындарының боз кілемінде жасындай жарқырады. Ол өзбек күресінің де айла тәсілін тиімді қолдана білді.

СНХ: ТОЛҒАНАЙ ӘБЕУОВА, КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР: Өзбек қызы өте шапшаң және күші мол спортшы. Оған қарсы сол ұлттың төл күресінің тәсілдерін қолдандым. Әрине, белдесу қызықты, әрі қиын болды.

РКС: Бес асық атудан Көгершін Думан алтыннан алқа тақты. Толғанай Әбеуова өзбек күресінен күміс жүлдегер атанды. Ал Алаш күресінен Нұрлан Бекбол күміс медальға ие болды.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ