ДИКТОР: Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылында "Жайлы мектеп" білім алушыларға есігін айқара ашты. Бұл мектепке 100-ге жуық педагог 1400 балаға заман талабына сай сапалы білім бермек.

РКС: Гүлнұр Нұрбайқызының немересі "Жайлы мектеп" жобасы аясында салынған білім ошағының табалдырығын алғаш рет аттады. Бұл біздің жанұямыз үшін ғана емес, барлық аудан үшін үлкен қуантарлық жаңалық. Себебі, енді балғындарымыз заманауи стандарттарға сай жаңа білім ордасына тәлім-тәрбие алады,-дейді Гүлнұр Нұрбайқызы.

СНХ: ГҮЛНҰР НҰРБАЙҚЫЗЫ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Президенттің бастамасымен мінекей біздің Қараөткел ауылында осындай керемет жайлы мектептің ашылу салтанаты болды. Бізде Қараөткелде қазіргі таңда 30 мың халық тұрады. Оның ішінде көбісі жас отбасылар. Бұл бізге биылға жылға тарихи, есте қалатын жақсы сыйлық болды.

РКС: Білім ошағы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бір сөзбен айтқанда сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Мектептерде интерактивті панельдері бар пән кабинеттерінен бөлек, шеберхана, зертхана, екі спорт және акт залы бар. Сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының жеке кабинеті де қарастырылған.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл жоба оқушы орындарының тапшылығын шешуге ғана емес,сонымен қатар қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Біз қойып жатқан екі талап бар - ең бірінші сапалы, жақсц білім беру, білім алатын кезде еліміздің болашағына қауіпсіздік болсын деп.

РКС: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 150-ге жуық бейнебақылау камерасы орнатылған. Айта кетейік, биыл барлық білім ошағына оқушыларға арналған жеке қауіпсіздік сабақтары енгізілген.

СНХ: ИГОРЬ ЛЕПЕХА, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ең алдымен, сіздерді осындай айтулы күнмен құттықтағым келеді! Полицейлер өз кезегінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық шараны қабылдайды. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ішкі істер және оқу-ағарту минитстрліктері бірлесе қауіпсіздік ережелерін әзірледік. Яғни, мектеп аумағына бейнебақылау камералары орнатылды. Сонымен қатар, білім ошағында біздің қызметкерлер болады. Олар балғындардың қауіпсіздігін қадағалайды.

РКС: Жыл соңына дейін өңірде тағы 11 мектеп қолданысқа берілмек. Оның 7-уі "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бой көтеруде.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ