ДИКТОР: "Жасөспірім" жедел алдын алу іс-шарасының бір күнінде 53 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Көшеде түнгі және заңды өкілдерсіз жүргені үшін кәмелетке толмаған 44 бала, ұсақ бұзақылық жасаған 8 жасөспірім, сондай-ақ ішімдік ішкендер де полицияға жеткізілді. Бір тәулік ішінде полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша тұрмысы нашар 140-тан ата-ана мен есепте тұрған кәмелетке жасы толмаған 90-ға жуық құқық бұзушының отбасын тұрғылықты мекенжайы бойынша аралады. Тұрмысы нашар 700-ден астам ата-ана есепте тұр. Олардың асырауында 900-дей бала бар. Жыл басынан бері 602 заңды өкілге әкімшілік сипаттағы шара қолданылды.