ДИКТОР: Облыстың жол қызметтері қыс мезгіліне дайын ба? Бұл сұрақ төңірегінде құзырлы ұйымдарға тексеру жүргізілді. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті аймақтың полицейлерімен және "Қазавтожол" ұлттық компаниясы өңірлік филиалының өкілдерімен бірлесіп қар тазалау техникаларының жарамдылығын тексерді. Ақмола облысының аумағында республикалық маңызы бар автожолдарға қызмет көрсететін 14 жол ұйымының бәрі тексерілді. Өңірде қысқы мезгілде жолдарды тазалауға шығарылатын 290 қар тазалау техникасы бар. Оның 35-і түрлі себептерге байланысты жарамсыз.

СНХ:ӘДІЛЕТ ҚҰЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ: Мүдделі органдар тиісті актілер жасады, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты жол қызметтеріне тиісті ұсыныстар берілді. Бір айдың ішінде олардың бәрі ретке келтірілуі керек. Берілген мерзімнен кейін қайта тексеру жүргізіледі.