ДИКТОР: Ақмола облыстық халық штабының мүшелері атом электр станциясы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын тұрғындар арасында жалғастыруда. Олар азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ұжымымен кездесті. Штаб өкілдері оқытушылар құрамына атом электр станциясының құрылысы елімізге не үшін қажет, оның тиімділігі туралы жан жақты ақпарат берді.

РКС: Атом электр станциясының құрылысы елдегі энергия тапшылығы мәселесін шешеді. Бұдан басқа, еліміздің көрші мемлекеттер алдындағы энергетикалық тәуелділігінен арылуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті штаб өкілдері.

СНХ: МАРИЯМ ӘБІШЕВА, АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕСІ: Біз Ресей Федерациясынан 1.5 ГВт электр энергиясының сұранысы жоғары болғанда сатып аламыз. Жоғары бағада. Егер көмірден кВт болса, бізде орташа есеппен 7 теңге тұрады, бірақ әзірге ол бізге электр желілері арқылы жетуі ұзақ болмақ. Мысалға, біз үшін 20 теңге болса, ол 7 теңгеден шығарылады. Бірақ, Ресейден біз кВтын 40-50 теңгеден сатып аламыз.

РКС: 2016 жылдың 4 қарашасында Париж климаттық келісімі күшіне енді. Оның аясында елдер көміртегі газдары қалдықтарын азайту бойынша міндеттеме алуда. Азия мен Таяу Шығыстағы ірі мемлекеттердің көпшілігі, соның ішінде Қазақстан 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптылығына қол жеткізуді жоспарлап отыр. Атом электр станциясында көмірқышқыл газы мен басқа да бірқатар химиялық ластаушы заттардың шығарындылары жоқ.

СНХ: РАУШАН РАХМЕТОВА, ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Атом электр станциясын салуына өз басым қарсы емеспін, бүгінгі күн ол өте қажет деп ойлаймын, себебі электр қуатын пайдалану 3 пайызға артып отырғанын білетін болсақ, болашақта энергия қуатын қабылдау бізге қажет болады және бұл атом электр станциясының салуына байланысты халықтың әл-ауқаты жағдайы жақсаруына және бірнеше халықтың азаматтарына жұмысқа орналасуына жұмыс орны табылар деп қоямын.

РКС: Атом электр станциясын Балқаш көлі маңында орналасқан Алматы облысының Үлкен ауылында салу жоспарлануда. Құрылыс 10 жылға созылады, сондықтан белгіленген мерзімге жету үшін құрылыс алдағы екі жылда басталуы керек. 6 қазанда республикалық референдумға ел тұрғындарының басым көпшілігі өз таңдауын жасайды деп күтілуде.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ