ДИКТОР: Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына қатысты мәселе бірнеше жыл бойы талқыланып келеді. Оның басты себебі тұрақты энергия көздеріне деген қажеттілік пен елдің энергетикалық ресурстарын әртараптандыруға деген ұмтылыс.

РКС: Қазақстанда уранның едәуір қоры бар, сондай-ақ атом өнеркәсібінде де елдің тәжірибесі зор.Бұл атом электр станциясын салуға бірден-бір ықпал ететін фактор. Осы тұрғыда қарастырылатын негізгі аспектілерге энергетикалық қауіпсіздік, экологиялық факторлар, инвестициялар және технологиялар жатады.

СНХ: ВЛАДИМИР КОРНАТОВСКИЙ, «КӨКШЕ-ТАЗАЛЫҚ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ИНЖЕНЕРІ: Әрине, атом энергиясынсыз болашақты елестету мүмкін емес. Һйткені ол арзан және технологияда, ғылымда және басқа салаларда серпіліс прогресс жасауға мүмкіндік береді. Оның шынымен де болашағы зор.

РКС: Әрине, атом электр станциясын жобалау және салу техникалық, экономикалық және әлеуметтік аспектілерді ескеретін кешенді тәсілді қажет ететінін атап өткен жөн.

СНХ: ДАСТАН ӘКІМОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Мемлекет басшысы өз Жолдауында жариялаған алдағы референдумға қатысты туындап жатқан мәселелерді жан-жақты түсіндіріп жатырмыз. Атом электр станциясының құрылысына қатысты көптеген сұрақ бар. Салу қажет пе дейді, әрине, қажет.

РКС: Атом электр станциясы қазба энергия көздеріне тәуелділікті азайтуға және тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Сонымен бірге қауіпсіздіктің жоғары деңгейін және халықаралық стандарттардың сақталуына да ықпал етпек. Ол үшін ең алдымен түрлі елдің тәжірибесіне ескеріледі.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ