ДИКТОР: Көкшетаудағы Абылай хан даңғылының бойындағы көпқабатты бірнеше үйдің тұрғындары үшін үш айдан бері өз аулаларына кіру арман боп отыр. Асфаль шұрық-шұрық, көлік түгілі, жаяу жүргіншінің өзі әзер жүреді. Жаңбыр жауса тіпті жағдай қиындай түседі. Жаз мезгілі аяқталды, жол жөндеуге жауапты мамандар әлі күнге дейін бой көрсетпеген.

ШУМ:

РКС: Дәл осы жолмен Абылай хан даңғылындағы 5-ші, 7-ші және 9-шы үйлерге жетуге болады. Бұрын бұл жерде асфальт болған, қазіргі сиқы осы. Жаңбырлы күндері бұл жер үнемі суға толып кетеді. Ауа райы қазір жақсы болып тұр, бірақ жолдағы ыңғайсыздық қалыпқа келтірілген жоқ.

СНХ: ИВАН КОТЛЯР, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Асфальтты сыпырып алып тастап, қиыршық тас төсеп кетті. Көктемде алып тастаған еді, содан бері еш қозғалыс жоқ. Қазір үйге дейін көлік жете алмайды. Шалшықтан өту мүмкін емес, жаяу жүргіншілер жолы да балшыққа толы. Мүндай жағдайдың қашан аяқталатыны белгісіз.

РКС: Дәл осы аумақта бірнеше дүкен мен басқа ұйымдар орналасқан. Жолдың нашарлығы олардың қызметіне де тікелей теріс әсер етеді. Кәсіпкерлер үй тұрғындарымен бірге мәселені шешуге күш салуда.

СНХ: ОЛЬГА КОЛУБЕКОВА, ҚАРАПАЙЫМ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Шыңғыс» дүкеннің өкілі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына бірнеше рет барды, оған бірінші қыркүйекке дейін барлығын түзетеміз деп уәде берді. Бірінші қыркүйек өтіп кетті, бірақ ешқандай өзгеріс жоқ. Оның үстіне саз. Бәрі біздің аулаға келеді. Клиенттер келсін деп осы маңдағы дүкендердің өкілдері мен иелері қиыршық тас төсеп тастады. Қала әкімдігіндегілер уәде еткелі қай заман, бірақ іс алға жылжыған жоқ.

РКС: Жауапты мамандар жұмысты мерзімінде аяқтауға уәде беріп отыр. Екі апта бойы ауа райы қалыпты болады, сондықтан жолдарды жөндеуге уақыт бар екенін алға тартты.

СНХ: ЕЛЕНА СУХАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Абылай хан даңғылындағы 9 үйдің аулаішілік аумағына кіреберісі биылғы жылға арналған жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс жоспарына енгізілген. Жұмыстар қыркүйек айының соңы мен қазан айының басына дейін жасалып бітеді. Осы жолдың асфальт-бетон жабыны төселеді.

РКС: Сметалық есеп негізінде және ағымдағы жөндеу шеңберінде жобада су бұру көзделмеген. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары бұл мәселені де шешуге уәде берді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.