ДИКТОР: Сандықтау ауданында егін жинау науқаны қарқынды. Биыл өңірдің ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 348 гектар алқапқа дән сіңірді. Бүгінгі таңда оның 52 мың гектарынан астық жиналды, бұл барлық алқаптың 18 процентіне тең.

РКС: Қолайсыз ауа райына қарамастан, егін жинау қарқынды жүріп жатыр. Диқандар күннің әр сағатын ұтымды пайдаланып, науқанға жауапкершілікпен кірісті. Егін жинауға 848 комбайн қатыстырылған.

СНХ: ҚАЙРАТ ОМАРОВ, САНДЫҚТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі таңда ауа райына байланысты 3-4 күн ішінде біздің шаруашылықтарымыз егін жинау науқанын бастады. Биылғы жылы егін жақсы. Қазір шамамен әр гектарынан 25-26 центнерден жинай бастадық. Комбайндардың барлығы танап басында үздіксіз жұмыс істеп жатыр.

РКС: Қазір Сандықтау ауданында 28-ге тарта ауыл шаруашылығы кәсіпорны бар. «СПАССКОЕ-АГРО» серіктестігі ірі шаруашылықтың бірі. 8 мың гектар алқабы бар. Оның 5,5 мыңына дәнді, 1 мың гектарына бұршақ дақылы себілді. 500-іне жемазық дақылы егілсе, 1 мың гектар алқап парға қалдырылды.

СНХ: МАГОМЕД АБУЕВ, «СПАССКОЕ-АГРО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Ауа райы қазір қолайлы болып тұр. Бар күшімізді салып жұмыс істеп жатырмыз. Егіннің орташа өнімділігі гектарынан 20-22 центнер аралығында. Әзірге осылай. Ал астықтың сапасы орташа.

РКС: Бүгінгі таңда «СПАССКОЕ-АГРО» серіктестігінде 30 адам жұмыс істейді. Егін жинауға 10 комбайн, астық тасымалдауға арналған 6 тиеу көлігі жұмылдырылған. Ауа райы қолбайлау болмаса, Сандықтау ауданының диқандары 15 күн ішінде егін жинауды аяқтамақ.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.