ДИКТОР: Көкшетауда алғаш рет "Аялы әже" форумы өтті. Аталмыш эстафета Астана қаласының ардагерлер кеңесінен қабыл алынып, Солтүстік Қазақстан өңірінің ардагерлер кеңесіне жолданды.

ИНТЕРШУМ:

ДИКТОР: Ақмола өңірі хан мен серілердің мекені. Ал, олардың бойына ұлттық дәстүрді ұлықтаған ақ жаулықты әжелер. Қазақ қоғамында ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін асыл әжелеріміз. Олар ұрпақтар сабақтастығының сақталуына сүбелі үлес қосуда, - дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл бастама Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің батауымен басталған. Біздің республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақытқожа Салахадинұлының қолдауымен бүгінгі күні осы эстафетаны Солтүстік Қазақстан облысына тапсырып отырмыз. Мұның маңызы өте зор.Өйткені, әжелер ұлиымыздың ұйтқысын. Ұлтымыздың болашағы жастарға еліміздің, халқымыздың құндылықтарын, салт-дәстүрін, тәрбиесін жеткізетін осы әжелер. Қазақ тарихындағы ұлы әжелердің есімім атайтын болсақ. Міне, Абайдың әжесі Зере әжеміз. Ұлы Абайды тәрбиелеген. Бүл үлкен үлгі.