ДИКТОР: Білім-болашақтың іргетасы. Бүгінгі таңда заманауи білім, инновациялық әдістемелерді қолдану маңызды. Болашақ сарайында жаңа үйірмелермен танысу мақсатында ата-аналар мен оқушыларға арналған ашық есік күні өтті.

РКС: Бұл күні ата-аналар үйірме жетекшілерімен жүздесіп, балалардың жеке дарыны мен креативті ойлауына әсер ететін бағдарламалар бойынша мәлімет алды. Түрлі бағыттағы үйірме балалардың ынтасын оятып, қызығушылығын арттыруға жетелейтін бағдарламалардың бір бағыты. Айта кетейік, қосымша білім беру ұйымдарындағы үйірме жұмыстары бүгін басталды.

СНХ: САМАЛ КАБДУШЕВА, «BOLASHAQ SARAIY »БАСШЫСЫ: Соған байланысты облысымыздың қала тұрғындарын, ата-аналарды шақырып,балаларды, мектеп оқушыларын шақырып біздегі Болашақ сарайында ұйымдастырылып жатқан, жаңадан ашылып жатқан біздің үйірмелеріміз бар солармен таныстыру. Болашақ сарайы негізі 4 пен 21 жастағы балаларды қамтиды. Өзіміздің Болашақ сарайының әнұраны бар. Ол әрбір 2882 тәрбиеленушінің барлығысы Болашақ сарайының гимнін жатқа біледі, айтады.

РКС: Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезеңінде өскелең ұрпақты таң қалдыру мүмкін емес. Десе де, джамп роуп, спорттық туризм, шешендік өнер, телевизиялық репортаж, аквамир үйірмелеріне қызығушылық танытқандардың саны басым. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскісі келетін ұландардың қатары да көбейіп келеді.

СНХ: ӘБІЛМАНСҰР БОЛАТ, ҮЙІРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ: Мен Болашақ сарайы ашылғаннан бері әртүрлі үйірмелерге қатысып жатырмын. Оның бірі-домбыра. Біздің ұстазымыз Гульфруза Асылбекқызы. Келесі үйірме ол-робототехника біздің ұстазымыз Еркебұлан ағай мен Қажымұқан ағай. Осы жылы Болашақ сарайы үздік оқушыларына «Сұңқар» лагеріне жолдама берді. 10 күн бойы біз жақсы демалып, үйге қайттық.

СНХ: ӘЛІБЕК МАНСҰР, ҮЙІРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ: Мен Болашақ сарайындағы «Үлгілі вокалдық жұлдыздар» студиясында ән айтамын. Маған Болашақ сарайына келген өте қатты ұнайды.

РКС: Айта кетейік, қала шетіндегі Красный Яр ауылындағы мектептердің оқушылары да үйірмелермен қамтылып отыр. Каникул кезінде Болашақ сарайы жазғы академия ұйымдастырып, қала мектептерінің оқушылары маусымдық лагерьге келді. Жазғы академия аясында бірнеше бағыт бойынша тегін үйірмелермен қамтылды. Бассейнде суда жүзуге машықтанды. Ашық есік күніне орай ұйымдастырылған шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

ИНТЕРШУМ:

САБИНА ЖАМШИТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ