ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен атом электр станциясының құрылысына қатысты жалпыұлттық референдум облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен мәслихаттарды үйлестіру жөніндегі кеңестің бірлескен отырысында талқыланды. Депутаттар атом электр станциясы секілді жаңа өндіруші қуат көзінің құрылысы электр энергиясының тапшылығын жояды деген пікірімен бөлісті.

РКС: Депутаттар Жолдаудың кейбір ерекшеліктеріне тоқталып, бюджеттік прагматизм, яғни "қаражатпен өмір сүру" Жолдаудың басты қағидаттарының бірі екенін атап өтті. Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы өз кезегінде жаңа Салық кодексінің жобасына тоқталды.

СНХ: МАРАТ ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Ең алдымен неге назар аударылады. Біріншіден, біз бәріміз жаңа Кодекстің қабылдануын күттік. Оған қатысты асықпай шешім қабылданды. Бұл тұрғыда Яғни, Президент, мемлекет, биліктің бұл мәселені жауапкершілікпен, мұқият қарастырып жатқанын көрсетеді.

РКС: Депутаттар энергия тапшылығы тақырыбын талқылай отырып, еліміз сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтаж екенін атап өтті. Жиында атом электр станциясы құрылысының экономикалық және экологиялық салдары, сондай-ақ қауіпсіздік мәселелері қозғалды.

СНХ:САЯТ СЫЗДЫҚОВ, АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Курчатов қаласынан бас инженердің орынбасары келді, онымен кездестік. Қазақстанның атом электр станциясын салуына әлеуеті зор. Біз уран өндіру бойынша бірінші орында тұрмыз. Бізде ядролық отын қоры да бар.

РКС: Кездесу қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мемлекет басшысының бастамаларын қолдайтынын және оларды іске асыруға белсенді қатысуға дайын екендерін атап өтті.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ