ДИКТОР: Ақмола облысында білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың біршама өскені байқалады. Әсіресе ұстаздардың еңбекақы төлеу қорынан қаржы жымқыру дерегінің көбейгені қылмыстық істерді зерделеу кезінде анықталды. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Білім беру саласы мемлекет дамуының басым бағыттарының бірі. Үкімет заманауи білім беру жүйесіне жыл сайын қаржыландыру көлемін ұлғайтып келеді.

СНХ: САҒЫНЫШ АЯҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Жыл басынан бері 8 қылмыстық іс тіркелген. Олардың негізгі бөлігін орта мектеп директорлары, есепшілер, білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары мен мамандары жасайды. Қылмыстық істер материалдарын зерттеу, ұрланған бюджет қаражатының негізгі бөлігі педагогтардың еңбекақы төлеу қорына тиесілі. Олардың жүйелілігін ескере отырып, әр өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім басқармаларымен бірлесіп білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кешенді сыртқы талдау жүргізді. Білім беру саласына бөлінген барлық бюджеттің 70 процентіне жуығы еңбекақы төлеу қорына жіберіледі. Сондықтан осы бағытқа ерекше назар аударылды. Нәтижесінде мемлекеттік қаражаттың ұрлану дерегі анықталды.

РКС: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі соңғы 5 жылдағы білім беру саласындағы барлық төлемдерге үш деңгейлі тексеру жүргізіліп жатыр. Осылайша, бюджет қаражатын ұрлауға қатысы бар әрбір қызметкерді жауапкершілікке тарту жоспарлануда. Білім беру процесі мен шаруашылық қызметін үйлестіруге қатысты қызметтерді облыстық білім басқармасы орындайды. Алдында оны аудандар мен қалалардың әкімдіктері жүзеге асырған.

СНХ: АЙНАГҮЛ БАЛТАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 2024 жылғы 1 қыркүйек жағдайына, Ақмола облысында 1280 білім беру ұйымы жұмыс істейді және 34 мыңнан астам адам қызмет етеді. Бұл үлкен көлемді бақылауды қажет етеді. Соған қарамастан басқарма сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тұрақты негізде жою бойынша жұмыс жүргізуде. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері жұмысының аса маңызды басымдығы болып табылады.

РКС: Отырыс қорытындысы бойынша жиынға қатысушылар ұсыныстарымен бөлісті. Мамандар сыбайлас жемқорлық белгілерінің алдын алуға бағытталған бірлескен жұмыс оны барынша азайтуға ықпал ететінін атап өтті.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒУЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ