ДИКТОР: Әлем бойынша уран өндіруден еліміз көш бастап тұр. Жылына әлемдік өндірістің 40 процентін өндіреді. Соның бірі - Степногорск тау-кен химия комбинаты. Бүгінде кәсіпорын әлемдік атом энергетикасына тұрақты жеткізуші. Осылайша, ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосуда.

РКС: Степногорск тау-кен химия комбинатының негізгі өндірістік базасы гидрометаллургиялық зауыт. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 4 мың тонна табиғи уран мен 1 миллион тонна мыс-молибден кені.

СНХ: АРТЕМ ВАЖИН, СТЕПНОГОРСК ТАУ-КЕН ХИМИЯ КОМБИНАТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі таңда біз 2 бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бірінші бағыт ол "ҚазАтомпром" кәсіпорны мен бірлескен кәсіпорындарынан құпрамында уран бар материалдарды өңдеу. Ал, екінші бағыт – құрамында мыс бар кендерд өңдеу. Әсіресі, Қызылту елдімекенінен алып, өңдейміз. Уран өнімін Ресей, Қытай, Канада және Францияға экспорттаймыз. Мыс-молибден флотоконцентратын "ҚазЦинк" акционерлік қоғамына жібереміз.

РКС: Зауыт шаһар тұрғындарын тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Бүгінгі таңда тау-кен химия комбинатында 1 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

СНХ: ВИКТОР БУЗМАКОВ, СТЕПНОГОРСК ТАУ-КЕН ХИМИЯ КОМБИНАТЫНЫҢ ФЛОТАТОР-ГИДРОМЕТАЛЛУРГЫ: Мен жұмысқа жақында ғана орналастым. Бірақ, мен өндірістің барлық процесін, немен айналысатынын түсіндім. Еліміздің дамуына үлес қосу мен үшін бір мақтаныш. Біздің цех мыс өнімдерін өңдейді. Мен реагент маманы болып жұмыс істеймін. Яғни, мен белгілі бір реагенттерді қосамын.

РКС: 2026 жылдан бастап "Буденовское" кен орнынан уран өнімін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл жаңа жұмыс орындары ашып, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамақ.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ