ДИКТОР: Атом электр станциясының құрылысы жөніндегі облыстық халықтық штабтың мүшелері қалалық аурухана қызметкерлерімен кездесті. Ақ халаттыларға атом электр станциясы құрылысының оң тұстарын түсіндіріп, қазанның 6-сы өтетін референдумға қатысуға шақырды.

РКС: Облыстық халықтық штабтың мүшесі Бауыржан Ыбыраевтың пікірінше, Қазақстанда атом электр станциясын салу уақыт талабы. Өйткені, қазір елімізде электр энергиясының негізгі көзі-көмірмен жұмыс істейтін электр станциялары. Олардың өзі кеңес заманында салынған, ал шамамен 70 проценті тозған.

СНХ:БАУЫРЖАН ЫБЫРАЕВ, АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Қоршаған ортаға шығаратын шығарындыларды қысқартуға байланысты ғаламдық экологиялық міндеттемені өз мойнына алып отыр. Көмір өнеркәсібін одан әрі дамыту экология мәселесіне кері әсерін тигізуде. Сондықтан көмір электр станциялары жобасынан тездетіп алшақтауымыз қажет. Атом электр станциясы салынса, жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігі пайда болады. Атом электр станциясын салу Қазақстанның өзінде жаңа технологияларды, инновацияларды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл экономиканың ілгерілуіне оң әсер етеді.

РКС:Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасының маманы Самат Ыбыраев бұл істе асығыстық танытудың қажеті жоқ, жан-жақты саралап, тараптардың пікірі тыңдалуы қажет екенін айтады.

СНХ:САМАТ ЫБЫРАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЭКОНОМИСІ: Елімізде атом электр станциясын салу жоспары бар. Бірақ оның адында мен ойлаймын, елімізде инфраструктураны жөндеу керек. Атом электр станциясын салғанымен, бізде инфраструктура дайын емес. Сондықтан да ең алдымен еліміздегі бар инфраструктураны жөндеп, одан кейін атом электр станциясын салған дұрыс деп ойлаймын. Бірақ та, дегенмен, Қазақстан азаматы болғандықтан, 6-шы қазанда ұйымдастырылатын референдумға қатысатын боламыз. Және де бүкіл отбасыммен бірге референдумға баратын боламыз.

РКС:Жиында облыстық халықтық штабтың мүшелері қалалық аурухана қызметкерлерімен пікір алмасып, қазанның 6-сы күні өтетін референдумға келіп, өз таңдауын жасауға шақырды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ