ДИКТОР: Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі аяқталуға жақын. Қазір аймақтың 67 мың жеке тұлғасы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырды.

РКС: Биылдан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың кезекті кезеңі жүргізілді. Декларацияны тұрғылықты жері бойынша жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар тапсырады. Салық департаменті өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар әділ салық салу, әлеуметтік саясатты жетілдіру, сыбайлас жемқорлықпен көлеңкелі экономика деңгейін төмендетеді.

СНХ:НАЗГҮЛ АЮПОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Үшінші кезеңде, жыл басынан бері декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады. Қазіргі уақытта облыс бойынша мұндай адамдардың саны 91 мыңнан асады. Қыркүйектің 7-сіндегі мәлімет бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 67 мың жеке тұлға ұсынған.

РКС: Декларация тапсырмағандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Алғашында ескерту беріледі. Екінші рет қайталанатын болса мамандар 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуы мүмкін.

СНХ: НАЗГҮЛ АЮПОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІС ТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Активтер мен міндеттемелер туралы декларация жинақталған активтер мен міндеттемелерді тіркеу үшін декларациялау жүйесіне енген күнге ұсыну қажет. Сонымен бірге жылжымайтын мүлік пен көлік құралдары туралы Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелгені туралы мәліметтерді декларацияда көрсетудің қажеті жоқ. Өйткені ол мәліметтер мемлекеттік кірістер органында бар.

РКС:Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны салық төлеушінің кабинеті арқылы электронды нұсқада тапсыруға болады. Сонымен бірге электронды үкіметтің порталы, eSalyk mobile және eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы да қолжетімді. Декларацияны 15-ші қыркүйкекке дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсыну қажет.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.