ДИКТОР: Көкшетауда көпбалалы отбасылардың үйлеріне адам салмағын көтеретін терезе торлары орнатылып жатыр. Арнайы металдан жасалған қорғаныс құралдары көпқабатты баспаналарға қойылуда. Мұндай торлар жақтауға бекітіліп, әйнектің бетіне салынады. Оның бір шаршы метрі 156 келіге дейін көтере алады. Жалпы өңірде жыл басынан бері көпқабатты үйлердің терезесінен 12 бала құлап, зардап шеккен. Оның біреуі қайтыс болса, қалғандары әртүрлі жарақаттармен ауруханаға түскен.

СНХ: ЗАМИРА МЫРЗАТАЙ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Менің төрт балам бар. Екеуі үлкен. Екеуі кішкентай. Біреуінің жасы төртте. Біреуінің жасы екіде. Біз өзіміз де ойлап жүргенбіз. Решетка қоямыз деп. Қорқасын балалар бір сәтте терезенің алдына жүгіріп баруы мүмкін. Төртінші қабат болған соң қорқынышты. Осылай қойып беріп жатқандары өте жақсы.