ДИКТОР: Атом электр станциясы құрпылысы жөніндегі облыстық халықтық штабтың мүшелері денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті. Красный Яр ауылындағы алғашқы медициналық-санитарлық орталықтың мамандарына атом электр станциясының еліміз үшін қаншалықты қажет екені түсіндірілді. Сонымен қатар қазанның 6-сында өтетін республикалық референдумдағы таңдау құқығы туралы да жан-жақты айтылды.

РКС: Әлемдегі дамыған мемлекеттің бәрінде атом реакторлары жұмыс істеп тұр. АҚШ, Франция, Қытай мен Жапонияда, өзге де бірнеше елде бар. Қазақстанға да дәл осындай атом электр станциясы қажет екені сөзсіз.

СНХ: АҚМАНАТ ӘЛІМБЕТОВА, АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Ең бірінші мақсатымыз әрбір өңіріміздің тұрғынына осы АЭС-тің салу керектігі мен негізгі мақсаттары мен пайдасы мен күмән болса, күмәндарын шешу мақсатында дұрыс жауап беріп сол саланың қызметкерлерімен бірлесіп, осы жұмысты бастадық. Ең бастысы мен ойлаймын біздің өңірімізде осындай ашық және кең көлемінде түсініктеме жұмысы басталса, мақсатымызға жетіп референдумда дұрыс таңдау болады деген ойдамын. Бұл жұмыс жалғасып, 4 қазанға дейін жалғасып, 6 қазан күні әрбәр қазақстандық өз таңдауын жасайды деп ойлаймын.

РКС: Атом электр станциясы салынса, қолданыстағы жаңғыртылған электр энергиясының көздерін алмастырмайды. Бұдан бөлек, 70 проценті көмірден өндіріледі. Гидроресурстарды, газ бен мұнайды пайдалану жалғасады. Кездесу барысында халықтық штабтың мүшелері дәрігерлерді алдағы референдумда дауыс беруге шақырды.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ҚАЛИЕВ, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДӘРІГЕРІ: Халық қорқатындай ештеңе жоқ. Керісінше бұл бастаманы қолдау қажет. Сондықтан, 6-шы қазанда бір кісідей жұмылып, дауыс беруге шақырамын!

РКС: Атом электр станциясы құрылысы жөніндегі облыстық халықтық штабтың құрамына 6 партия мен үкіметтік емес 20 ұйым кірді. Референдумға дейін жұмыс тобы өңірдегі өзге де еңбек ұжымдарымен кездесуді жалғастырмақ.

МЕРУЕРТ МҰРАТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ