ДИКТОР: 2035 жылға қарай елімізде электр энергиясын пайдалану сағатына 160 млрд. гвт болады деген болжам бар. Бүгінде электр энергиясының басым бөлігін көмір станциялары беріп отыр. Қазірдің өзінде электр энергиясы бойынша тапшылық бар. Осы ретте, 2-ші қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атом электр станциясын салуға қатысты қазанның 6-сында референдум өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы оның салыну салынбауына қатысты соңғы шешімді халық қабылдайтынын атап өтті. Осыған орай, ақмолалықтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

РКС: Электр энергиясын тұтынушылар саны жыл сайын 3 процентке артуда. Осылай жалғаса берсе, алдағы 10 жылда халық жарықсыз қалуы әбден мүмкін. Елімізде 200-ден астам электр энергиясын тарататын станция бар. Оның басым бөлігі ескірген. Электр тапшылығы әсіресе оңтүстік өңірде байқалуда. Салдарынан, энергия көзін көрші Ресей мемлекетінен алуға мәжбүрміз.

СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Еліміздің болашағын ойлауымыз керек. Қазақта бір жақсы сөзі бар ғой "көп өмір сүрген емес, көпті көргеннен сұра" деп. Сондықтан да, бүгінгі күні екі ойда тұрмыз. Болады ма әлде болмайды ма деп атом электр станциясы. Қытайдың өзінде 56 бар. Ресейде 36 бар. Францияда 56 бар. Міне, соның бәрі жаман болса болар ма еді?

РКС: Красный Яр елдімекеніндегі «Көкше» мәдениет үйінің қызметкерлеріне атом электр станциясы жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара қатысушылары атом электр станциясының құрылысы мен қауіпсіздігі туралы қызықтырған сұрақтарын қойды. Пікір алмасты.

СНХ: АЗАМАТ ҚАДЫЛ, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: АЭС-тің қандай тиімді жақтары бар екенін білдік. Көптеген мағлұматтарды шынымен де түсіндіріп, айтып берді. Әрине, екі тарап бар. Келісетін тарап және келіспейтін тарап. Енді халыққа пайдалы болғаннан кейін, халықпен бірге болған дұрыс деп ойлаймыз. Ең бастысы пайдалы дүние болса, әрі қарай сол жұмыстарды жалғастыруға халық болып, ел болып әрқашан атсалысуға дайынбыз.

РКС: Алдағы уақытта жергілікті билік өкілдері ауылды жерлерге шығып, тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ниетті.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ