ДИКТОР: Кеңестер Одағының спорт шебері Асқар Сатыбаевты еске түсіруге арналған 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті. Көкшетауда бұл дода осымен 15 рет ұйымдастырылды.

РКС: Асқар Сатыбаевты еске түсіруге арналған турнирге еліміздің 11 облысынан, сондай-ақ көршілес Қырғызстан мен Өзбекстаннан, барлығы 120-ға жуық боксшы келіп, бақтарын сынады. КСРО спорт шеберінің жаттықтырушысы үшін жыл сайын өткізілетін жарыс ұмытылмас атаулы күн.

СНХ:ЮРИЙ ДЕРГУНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Жарысқа қатысушылардың осалы жоқ. Олардың арасында Әлем, Азия чемпионатының жүлдегерлері мен жеңімпаздары бар. Бұл жастар құрамасы. Жыл сайын турнирдің танымалдылығы артып келеді. Биыл қатысушылар да көп. Деңгейі де жоғары. Жарысты ұйымдастыруда Асқардың ұлдары Дамир мен Русланның еңбегі орасан. Оларға алғысым шексіз. Бұл турнир тікелей солардың көмегімен өткізіліп жатыр.

РКС: Ақтық сайыста 14 салмақ дәрежесі бойынша 105 жекпе-жек өтті. Жарыс IBA талаптары бойынша бағаланды. Жандос Алпысбаев Атырау облысынан келді. Бұл турнирде 75 келі салмақта 1-ші орынды иеленді.

СНХ: ЖАНДОС АЛПЫСБАЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Осы жарыста 3 бой өткіздім. Алматы, Ақмола және Маңғыстау облысының боксшыларысмен бокстастым. Әр жекпе-жекке жақсы деңгеймен шықтық. Осы жарыс маған үлкен, алдағы Қазақстан чемпионаттарына, Азия чемпионаттарына рингте уверенность сезуге көмектеседі. Асқар Сатыбаев турнирына бірінші рет қатысуым және жеңімпаз болып қайттым. Жарыс деңгейі маған жақсы жоғары деңгейде болды, маған ұнады.

РКС: Маңғыстау өңірінің тумасы Бақытжан Айтмұханов спорттың бұл түрімен 7 жасынан бастап айналысып келеді. Бұған дейін Қазақстан Республикасының, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Осы жолғы дәстүрлі додада ол 86 келі салмақта жеңіске жетті.

СНХ: БАҚЫТЖАН АЙТМҰХАНОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Осы жарыста жақсы деңгейдегі жарыс болды. Бірінші жекпе-жегім Орал, Батыс Қазақстан облысының баласымен болды. Аллаға шүкір оны айқын басымдықпен жеңдік. Финалда Ақмола облысының боксшысымен бокстастық. Оны да Аллаға шүкір айқын басымдықпен жеңдік.

РКС: Айта кетейік, турнир қыркүйектің 3-і мен 8-і аралығында өтті. Жыл сайын өтетін доданы тамашалауға келетін жанкүйерлердің де қатары көбейіп келеді. Жеңімпаздарға арнайы медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, САБИНА ЖАМШИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ