ДИКТОР: Демалыс күндері Көкшетау қаласының қауіпсіздігі төмен мекемесінде ашық есік күні өтті. Іс-шара отбасы күніне орай өткізілді. Сотталушылардың қатысуымен кездесуге келген туыстары мен жақындарына мерекелік концерт ұйымдастырылды.

РКС: Мұндай іс-шараларды ұйымдастырудың негізгі мақсаты – сотталушыларды әлеуметтік өмірге бейімдеу, жазасын өтегеннен кейін қоғамдық процестерге дайындау. Туыстары және жақындарымен әлеуметтік-пайдалы байланыстарды қолдау сотталушының құқықтық мінез-құлқына жағымды әсер етеді.

СНХ: ДАРХАН МЫРЗАБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ № 6 МЕКЕМЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ: Қылмыстық-атқару жүйесінің негізгі мақсаты - бостандықтан айыру түріндегі жазаны орындау, сонымен қатар қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жүзеге асырылады. Бұл жұмыста біз ашық есік күндерін өткіземіз. Қайта әлеуметтендіру процесін жүзеге асыру мақсатында тұысқандар мен тығыз жақындар өте маңызды роль атқарады, өйткені сотталғандар құқық бұзұшылық жасамайды, тезірек бостандыққа шығуға тырысады. Қазіргі уатытта мекемеде 160 сотталған ұсталынып жатыр.

РКС: Бұл күнді сотталғандардан бөлек, туыстары мен жақындары да асыға күтті. Өлең оқылып, билер мен әндер орындалды. Кездесуден жағымды эмоциялар алғаннан кейін шақырылғандар мекеме әкімшілігіне туыстарымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бергені үшін ризашылықтарын білдірді.

СНХ: ИННА ТОПОРНИКОВА, СОТТАЛУШЫНЫҢ ТУЫСЫ: Бүгін өнер көрсеткендердің барлығына көп рахмет. Жылы және шынайы эмоцияларды сезіндік. Кездесу барлығымыз үшін өте маңызды болды. Бізге отбасын сүюдің, қолдаудың қаншалықты маңызды екенін еске салды. Өзіңізге, жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз. Отбасы - басты нәрсе. Сондықтан жақындарыңызға қолдау көрсетуді ұмытпаңыз.

РКС: Айта кетейік, мекеме әкімшілігі ашық есік күндерін жыл сайын өткізеді. Мұндай іс-шаралар қолдау ретінде ұйымдастырылып, сотталғандардың одан әрі әлеуметтену мүмкіндігін арттырады.

ИНТЕРШУМ:

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒУЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ