ДИКТОР: Еліміз бойынша 600 мыңнан астам студент бар. Соның ішінде 48 мыңға жуығы Ақмола облысындағы жоғары оқу орындары мен колледждерінде білім алып жатыр. Шәкіртақыны өсіру арқылы студенттердің оқу барысындағы, ғылыми-зерттеу, мәдени-шығармашылық және спорттық-сауықтырудағы белсенділігін ынталандыру көзделген.
РКС: 1-ші қыркүйектен бастап Қазақстанда жоғары оқу орны мен колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 процентке ұлғайды. Осылайша колледжердегі жұмысшы мамандықтарына оқитындар 43 574 теңге, ал орта буын мамандықтарын меңгерушілер 41896 теңге стипендия алады.
СНХ: МЕРЕЙ МӘКЕНОВА, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Шәкіртақымыз 50 процентке өсті.Қазір 43 мың теңге аламыз, қуаныштымын. Біз үшін зор қолдау. Қазір жатақхананың бағасы да біршама өсті, азық-түлік те қымбаттап жатыр. Жас болғаннан кейін қыдырғымыз келеді, сабақтан бос уақытта. Достарымызбен бір жерге барып тәтті тамақ жегіміз келеді.
РКС: Шәкіртақының өсімі ең алдымен студенттің материалдық жағдайын жақсартуға елеулі ықпал етсе, екінші жағынан жақсы оқуына ынталандырады. Осындай дүниелер өз жемісін береді,-дейді студенттер.
СНХ: АНАСТАСИЯ ДРЫГИНА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Шәкіртақымыз көбейген сайын біздің құлшынысымыз бұрынғыдан да арта түскенін мойындаймын. Бәсекелестік болады студенттер арасында деп есептеймін. Біз үшін бұл үлкен мотивация.
РКС: Айта ктеейік, 2020 жылдан бері Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шәкіртақыны өсіруге қатысты жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Келер жылы жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің шәкіртақысы 2 есеге, магистранттар мен докторанттардыкі 1,75 есе өспек. Мұның бәрі білім алушыларды әлеуметтік қолдау мақсатында жүзеге асырылуда.
САБИНА ЖАМШИТОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ