ДИКТОР: "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына даниялық жазушы Леонора Ван Деурс келді. Оның сапары Қазақстанның мәдениеті, тарихы және көрікті жерлерімен танысу туры аясында өтті. Леонора Ван Деурс -"Ботай - көлеңке іздері" көркем-тарихи жанрдағы кітаптың авторы. Бұл оның танымал стильде жазылған жас аудиторияға арналған дебюттік туындысы.
РКС: Автордың кітапты жарыққа шығаруына 2019 жылы шыққан "Equus (Equus):жылқы тарихы" деректі триологиясы түрткі болыпты. Сол сәттен бастап даниялық жас автор Ботай және шұңқыр мәдениетін, көшпелі өркениет және ДНК шежіресінің пайда болу ошақтарын зерттей бастаған.
СНХ: НҰРБОЛ БАЙМҰҚАНОВ, "EQUUS: ЖЫЛҚЫ ТАРИХЫ" ФИЛЬМІНІҢ ПРОДЮСЕРІ: 2018 жылы әлемнің жүзден астам елінде фильмнің презентациясы өтті. Мұндай фильмдер тарихымызды әлемдік деңгейде танытып, халықаралық қоғамның назарын аударуға мүмкіндік береді.
РКС: Леонора Вандерс көшпелі өркениет мәдениетімен танысып, еліміздің кең байтақ жерін өз көзімен көруді армандаған. Автор Ботай қонысына барып, қайта жаңартылған тұрғын үй, ет-сүт өнімдерін өндіру, теріні өңдеу, энеолит дәуіріндегі еңбек құралдарымен танысты.
СНХ: ЛЕОНОРА ВАН ДЕУРС, ДАТ ЖАЗУШЫСЫ: Мен көп зерттеу жүргіздім. Қандай тамаша табиғат! Көптеген тарихи құжаттар және кітаптармен таныстым. Ботай қонысын сәл жоғары деп ойладым. Ал қоныс ішіндегі тұрмыс-салт мәдениетін дәл осылай елестеткенмін.
РКС: Леонораның айтуынша, оның еңбегі жас ұрпақтың "Ботай" мәдениеті арқылы ғылым мен тарихқа қызығушылығын арттыруға негізделген. Солтүстік Қазақстанның тарихы, Ботай мәдениетімен танысу автордың алдағы жазатын еңбектеріне септігін тигізеді.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ