ДИКТОР: Ақмола облысында 140 мыңнан астам оқушы бар. Оның 11 мыңға жуығы Қосшы қаласында оқиды. Осыған орай, елорданың іргесінде орналасқан шаһарда жыл сайын мектеп саны артып келеді. Жуырда 1200 орындық мектеп қолданысқа берілмек. Облыс әкімі Марат Ахметжанов пен оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев құрылысы аяқталған білім ошағын аралап көрді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Білім ошағы жаңа оқу жылында 500-ден астам оқушыны қабылдауға дайын. Мектепте 50-ге жуық пән кабинет, кітапхана, металл және ағаш өңдеу, тігін шеберханалары да қарастырылған. Сонымен қатар, 2 спорт зал, салтанат залы және медициналық кабинет те бар. Айта кетейік, 3 жыл ішінде Қосшы қаласында 4 мектеп бой көтерді.
СНХ: ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: Елімізде әлі 1290 мектеп ескі. Сіздердің бақтарыңызға қарай, әкімдеріңіз осындай зәулім-зәулім мектептерді соғып беріп жатыр. Бір ауысымдық мектеп болады. Президент қойған бағдар бойынша сапасын арттыруымыз керек. Заманауи білім беруіміз керек.