ДИКТОР: Жаңа оқу жылында Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылында 2 "Жайлы мектеп" білім алушыларға есігін айқара ашты. Бұл қос мектепте 2400 бала заман талабына сай сапалы білім алмақ.

 ИНТЕРШУМ:

РКС: Талапкер ауылының тұрғындары үшін 1-ші қыркүйек білім күні естен кетпес мерекеге айналды. Өйткені, көптен күткен қос мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Осыған дейін ауыл оқушылары ескі мектепте, тіпті кейбірі елордаға қатынап оқуға мәжбүр еді.

СНХ: ГҮЛБАРШЫН ҚУАНЫШБАЕВА, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы мектептің табалдырығын алғаш рет менің 2 немерем аттағалы тұр. Осы мектептің ішінде балаларымыз өнегелі, білімді, өнерлі бала болып өссе екен. Тардай болып кіріп, таудай болып шығатын үлкен азамат болса екен деп тілейміз. Менің ойымша бұл жаңа мектеп балалардың білімін арттырады.

СНХ: ӘДІЛЕТ СҰЛТАНОВ, ТАЛАПКЕР МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Бізге осы жаңадан мектеп ашылды. Мектепте көптеген заманауи жабдықтар бар. Осы заманауи жабдықтардың арқасында біз білімімізді арттырамыз деп ойлаймын.

РКС: Бұл Талапкер ауылындағы мектеп-гимназия. Білім ошағы толығымен заманауи техникалармен жабдықталған. Оқушылардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған.

СНХ: САҒЫМБАЛА ӘБЕЕВА, ТАЛАПКЕР МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Барлық кабинеттер заманауи үлгіде жасақталған. Барлық жиһаздар басқа мектепке қарағанда өзгеше деп айтуға болады. Балаларға сапалы білім беру үшін барлық мүмкіндіктер жасалып отыр. Үзілістерде оқушылардың 5-10 минут кітап оқитын коворкинг алаңдары бар. Балалар үшін барлық мүмкіндіктер жасалып жатыр. Бұл жерде үйірмелер жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, балалар сабақтан кейін қалып үй тапсырмаларын орындауға мүмкіндіктері бар.

РКС: Ал, бұл Талапкер ауылындағы IT мектеп-лицейі. Жаңа оқу жылында 90-ға жуық ұстаз 1 мыңнан астам балаға сапалы білім бермек.

СНХ: БАҚЫТ ШӘКІРОВА, ТАЛАПКЕР IT МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Барлығымыздың мақсатымыз - сапалы білім беру. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру. Сабақ барлығы бір ауысымда өткізіледі. Оқушыларды барлық жағдайы жасалған. Алдағы уақытта жлспарға сай жұмыс жасайтын боламыз.

РКС: Елорданың іргесінде орналасқан Талапкер ауылында бой көтерген жайлы мектептің ашылу салтанатына аймақ басшысы Марат Ахметжанов қатысты.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Халық қуаныт жатыр. Ата-аналар қуанып жатыр. Өйткені, осындай мектепте білім алған бала. Ертең болашағы зор болады. Дана халқымыз бекер айтпаған. Болашағынды ойлайтын болсаң бесігінді түзе деп. Сондықтан, президентіміз осындай талап қойып жатыр. Барлық қаражатты білімге жұмсау керек.

РКС: Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов пен денсаулық сақтау министрі де қатысты. Ақмарал Әлназарова жиналғандарды білім күнімен құттықтап, оқушыларға сәттілік тіледі

СНХ: АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: Осы мектептің баспалдағын аттап, кішкентай бүлдіршін болып келген азаматтарымыз алдағы уақытта ең сапалы білім алып, осы мектептен үлкен тұлға болып шығуына мен тілектеспін! Біздің Ұлы халық жазушымыз Мұқтар Әуезов былай деп айтқан екен. Адам мен адамды, елмен елді теңестіретін бір-ақ нәрсе. Ол - білім. Сондықтан, сіздерге жаңа оқу жылында сәттілік, мол табыстар күтіп тұр. Жаңа оқу жылы құтты болсын!

РКС: Әрқайсысы 1200 орындық қос мектепке 150-ден астам мұғалім қабылданды. Жалпы, өңірдегі білім беру ұйымдарында 20 мыңнан астам ұстаз еңбек етуде. Жыл сайын 700-ге жуық ұстаз жаңадан қабылданады. Соның тең жартысы жас маман. Білім саласына әлі 200-ге жуық мұғалім қажет. Маман тапшылығын жою мақсатында бірқатар жобалар қолға алынып, арнайы гранттар бөлінуде.

СНХ: АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Қазіргі уақытта Президенттің реформасына байланысты, соның арқасында қазір осы мамандыққа келіп жатқан жастар өте көп. Мұның алдында «Мұғалім мәртебесі туралы» заңды қабылдамас бұрын, осы мамандыққа келгендердің орташа балы 55-60 балл болатын. Қазіргі уақытта көздері жанған. Жаңағы 100 баллдан асып кетті орташа баллдары. Осы университеттерді бітіріп, біздің мектептерге келіп жатқан мамандардың сапасы да ерекше.

РКС: Айта кетейік, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Целиноград ауданына қарасты бірқатар елдімекенде тағы 5 білім ошағы бой көтеруде. Бұл мектептер жыл соңында ел игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ