ДИКТОР: Еңбек нарығы, білім беру гранттары, білім беру саласындағы реформалар. Президент Жолдауындағы өзекті мәселелерді Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері де талқылады.
РКС: Ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауы қоғам өміріндегі маңызды оқиға. Оның аясында дамудың негізгі бағыттары айқындалады. Елімізде кадрлық резерв, мәселесі жандандырылуда. Білім саласы қызметкерлерінің мәртебесі артты.Қазақстанға шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары тартылуда. Көптеген мамандыққа гранттар бөлініп жатыр. Осыған орай білім саласы қызметкерлерінің ролі де артып отыр.
СНХ: КЕНЖЕБЕК ДІНМҰХАММЕД, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Енді мен университет мұғалімі болғандықтан, осы білім беру бағдарламалары немесе білім беру мазмұны бойынша тоқтала кететін болсам, қазіргі таңдағы, осы жылдан бастап немесе 2025 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарын интернационализация ету қажеттігін айтып отыр. Енді жоғары оқу орнына әсер ететін тағы бір жағдай мектеп кезіндегі жалпы болашақ ұрпаққа немесе мектеп оқушыларына сапалы білім беру керектігін нақтырақ айтып кеткен болатын. Ол мектеп 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін емес, даже мектепке дейінгі жаңағыдай балалардың да нақты сапалы білім беру керектігін көздеу еткен болатын, енді бұл тараптан жалпы Президентіміздің айтылып жатқан идеялары жалпы жолдамалары елдің болашағына, жоғары оқу орындарының болашағына белгілі бір тараптан әсер ететіндігін байқауға болады. Әрине бұл әрі қарай жақсы жалғасын табады деген сенімдеміз.
РКС: Студенттер жоғары білімге қолжетімділіктің тәсілдерін ерекше атап өтті. Жоғары білім алуға 2-3 проценттік жеңілділген несие беріледі. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді. Оны шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері енгізілмек. Жекеменшік білім беру мекемелерін мемлекеттік қаржыландыру үшін оларда ең алдымен жатақхана болуы тиіс. Қойылып отырған талап осындай.
СНХ: АМИНЕЛЬ БАЗАРБАЕВА, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Президенттің Жолдауын мұқият тыңдап шықтық. Мемлекетіміздің дамуы мен өмір сүру сапасына қатысты аса маңызды мәселенің бәрі қамтылды. Білім саласына қатысты мәселенің көтеріліп жатқанына қуаныштымыз.
РКС: Сондай-ақ, бүгін университет қабырғасында Білім күніне арналған салтанатты шара өтті. Университет ректоры Сағынтай Елубаев бірінші курс студенттерін қатарға қосылуымен құттықтап, оқуда, ғылыми, спорттық және шығармашылық қызметте табыс тіледі. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.
ИНТЕРШУМ:
ГҮЛДАНА АҚКЕРЕЕВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ