ДИКТОР: Мемлекет басшысы ел дамуында шешуші роль атқаратын бірқатар өзекті мәселені қозғады. Соның ішінде денсаулық сақтау саласына ерекше басымдық беріліп отырғанын атап өткен жөн.

РКС: Президенттің жыл сайынғы Жолдауын қазақстандықтар тағатсыздана күтеді. Маңызы зор құжаттың мақсаты түрлі саладағы кемшін тұстарды анықтау. Сонымен қатар оны шешудің нақты жолдарын белгілеу.

СНХ: НҰРЛАН ЖАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ұлт денсаулығы кез келген мемлекеттің басты басымдығы. Президент міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне және денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелеріне тоқталып өтті. Жыл сайын денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемі артып келеді. Биыл ол 3,3 триллион теңгеге жетті. Бірақ көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын әлі де жақсарту қажеттігіне Президент тоқталды. Міндетті медициналық қызметтерді бірыңғай пакетке біріктіру туралы тапсырма берілді.

РСК: Президент медициналық мекемелердегі цифрландырудың маңыздылығына тоқталды. Цифрлық технологиялар диагноз қоюға, оңтайлы емдеуді таңдауға және медициналық көмек көрсетуге уақытты едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

СНХ: ҚАЙНЫШ ОСПАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ НЕВРОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ АҒА МЕЙІРБИКЕСІ: Медицина саласына көп көңіл бөлінді. Президент медицина саласын цифрландыру керек екеніне назар аударды. Біз қазір кешенді медициналық аппараттық жүйесі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Цифрландыру біздің жұмысымызды жеңілдетеді.

РКС: Сондай-ақ, медицина мамандарының тапшылығы мәселесі де қозғалды. Осыған байланысты мемлекет тарапынан бөлінетін гранттардың саны мен оның басымдылығын қайта қарау қажет.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ӘЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ