ДИКТОР: "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауының тақырыбы осындай. Жолдаудың ұтымды тұстарын ақмолалық зиялы қауым өкілдері де қолдап отыр. Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен "Қоғамдық келісім" мекемесінің қызметкерлері саяси маңызы зор құжаттағы негізгі бағыттармен танысты.
РКС: Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүріп жатқанын айта келіп, Президент соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалғанын мәлімдеді. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Президент осылай деді. Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауындағы маңызды тұстарды ақмолалықтар да қолдап отыр.
СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Биылғы Жолдаудың ерекшелігі экономикалық мәселелерге толық көңіл бөлініп отыр. Оның ішінде инвестиция тарту. Инвестиция экономиканың негізгі бөлігі. Біздің инвесторларға кәсіпкерлерге, Үкіметке айтылып жатқаны мемлекеттік қорға ғана сенбей шеттен инвестиция тарту соған көп көңіл бөлініп отыр. Салық мәселесі туралы айтылды. Салынған салық жергілікті жерлерде қалу керек деген былтыр. Ол өте дұрыс шешім екені көрінді. Салық саласындағы олқылықтарға да тоқталды. Және салық туралы Заңды әлі де толық саралау қажеттігін айтты.
РКС: Биылғы Жолдауда маңызды мәселенің бірі еліміздегі атом электр станциясын салуға байланысты жалпыұлттық референдумның күнін жариялауы. Қазанның алтысында елімізде маңызды науқан өтпек.
СНХ: АЙГҮЛ НҰРМАҒАНОВА, "ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Атом электр станциясының салынуына байланысты референдумның өтуі өте жақсы бастама деп ойламын. Өйткені халық білуі керек, тараптардың пікірі тыңдалуы қажет. Яғни мұндай маңызды сұрақтар шешілгенде ашықтықтың болуы өте әділ шешім деп санаймын.
РКС: Аграрлы аймақ Ақмола үшін ауыл шаруашылығы саласына қатысты айтылған тапсырмалар өте маңызды. Ауыл шаруашылығын инвестициялау, шаруаларға берілетін субсидия мәселесі, аталған салаға бөлінетін жеңілдіктер туралы есеп беруді бұрмалауды қоюға қатысты тапсырмалары өте өзекті көтерілген тақырып,-дейді ақмолалықтар.
М.АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ