ДИКТОР: Жылу беру маусымы солтүстік өңір үшін ерте басталады. Сондықтан осы салада қазір дайындық жұмыстары қыза түскен. Осыған орай «Көкшетау жылу» кәсіпорнында өңірлік топпен жұмыс жағдайындағы кездесу өтті. Онда коммуналдық мекеменің өкілдері өткен жылғы қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді, сондай-ақ 2023-2024 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаның орындалуы жайында ақпарат айтылды.
РКС: Кездесу барысында "Көкшетау жылу" кәсіпорнының өкілдері техникалық және қаржылық жағдайы, өткен жылғы инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы қысқаша ақпарат берді.
СНХ: АСЫЛБЕК ҚУАНДЫҚҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: "Көкшетау жылу" мекемесінің инвестициялық бағдарламасы 4 млрд. теңгеден астам. Бұл қаржы тікелей күл үйіндісінің құрылысына бағытталған. Аталған бағдарламаның жүзеге асырылу барысымен кез келген тұрғын танысып, құрылыстың барысын көре алады.
РКС: Мамандар күл үйінділеріне ерекше назар аударды. Көмірді жаққан кезде пайда болатын қалдықтарды басқаруда шешуші роль атқарады.
СНХ: ЕРЖІГІТ ТҰҢҒАТАРОВ, «КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ» КӘСІПОРНЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы күл үйіндісін үйетін кешен 2012 жылы пайдалануға берілді. Оның қызмет ету мерзімі 10 жыл. Қазіргі уақытта бөгетті кеңейту және құбырды қайта жабдықтау бойынша жоба қолға алынды. Бүгінгі таңда жұмыстар жүріп жатыр. Жобаға Үкімет резервінен 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.
РКС: 28-ші тамыздағы жағдайға сәйкес қазандықтардағы жылу көздерінің 88 проценті жөнделді. Мамандар барлық жұмыс белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты. Жылу беру маусымы басталғанға дейін бәрін аяқтау жоспарланып отыр.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ