ДИКТОР: Жаңа оқу жылының қарсаңында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 2 жатақханасына кешенді мониторинг жүргізілді. Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында жатақханалар дайын болуы тиіс.
РКС: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде студенттік 5 жатақхана бар. Оның 2-іне мониторинг жүргізілді. Еліміздің түкпір-түкпірінен білім қуып келген 1500-ге жуық студентке орын берілмек. Олардың дені грант иегері.
СНХ: ГҮЛЖАНАР МЕРЗАБЕК, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен Алматы облысынан серпін гранты бойынша грантқа түскен болатынмын. Бұл жатақхана маған ұнайды. Жағдайы өте жақсы. Барлық жұмыстар, қауіпсіздік жақсы.
РКС: Қос жатақхана барлық талаптарға сай. Сонымен қатар, ас дайындайтын және жуынатын бөлмелерде санитарлық тазалыққа ерекше мән берілген. Барлығы заманға сай тұрмыстық техникамен жарақтандырылған. Жатақхананың өзінде медициналық пункт те жұмыс істейді. Айта кетейік, 26-шы тамыздан бастап студенттер жатақханаға орналастырылып жатыр. Студенттердің дені жайғасып болыпты.
СНХ: АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ: Олар, міне, медициналық осмотрдан өтеді, одан кейін өздерінің бөлмелеріне орналасады. Оларға көмек береміз медиктарды, психологтарды және біз өзіміздің арнайы департамент бар. Жастар департаменті. Солардың мамандары көмектеседі. Қазір оларда енді бірінші, екінші күн өтті.Бір-бірімен танысып жатыр. Қандай көмек керек болса, оларға көмек барлығын жасап жатырмыз.
РКС: Студенттердің қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалған. Жатақаналардың барлығына бейнебақылау камералары орнатылған. Бұл білім алушылардың қауіпсіздігін тәулік бойы бақылап отыратын таптырмас құрал.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ